Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Көкшетау» мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара болып өтті.
Салтанатты шараға сала ардагерлері, медициналық қызметкерлері және арнайы шақырылған қауым мен БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен, «Дәрігерлер әлемі» атты ауруханалар тарихынан мағлұмат беретін көрмені аралап көрген өңір басшысы Ермек Боранбайұлы, сахна төріне көтеріліп, медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.
Олардың арасында қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Еңбек ардагері» медалімен Ақмола облыстық денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «Senim» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Кәкенов, облыстық балалар ауруханасының бірінші бас дәрігері Жандарбек Тұрыбаев, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Сәбира Әшімова, Целиноград аудандық емханасының акушері Күлсін Бекова, бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының терапевт дәрігері Бақытжан Исенова, көпбейінді облыстық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Қуандық Камелинов, Қоныратбек Құрманбаев атындағы облыстық фтизиопульмонология орталығының пациенттерді қолдау қызметінің басшысы Рысты Шолатай, көпбейінді облыстық ауруханасының гематолог дәрігері Алпыс Жұрын марапатталды.
Сондай-ақ, халықтың денсаулығын сақтау ісіне ерекше үлес қосып, ұзақ жылғы еңбегі және тәжірибесін денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Степногорск қалалық көпбейінді ауруханасының анестазиолог-реаниматолог дәрігері Ақбөпе Шамратова, Сандықтау аудандық ауруханасының педиатр дәрігері Марина Зиновьева, №2 көпбейінді облыстық ауруханасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Ботагөз Сембаева, Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасының ПМСП бас дәрігерінің орынбасары Светлана Молодикова, облыстық «Қан орталығының» бөлім меңгерушісі Разина Салихова, Зеренді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Жандос Маханов және тағы басқалары «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» төс белгісіне ие болды.
Ал, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне айрықша үлесін қосқан, денсаулық сақтау саласындағы көрнекті әзірлемелері, белсенді және табысты қайырымдылық қызметі және мейірімділігі, қызметтік міндеттерді орындау кезінде көрсеткен кәсібилігі мен жанқиярлылығы үшін Біржан сал аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Марат Досетов, Жарқайың аудандық ауруханасының дәрігері Ирина Ким «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен және бірқатар медицина саласының қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Одан әрі залда мерекелік шараны тамашалап отырған бір топ сала ардагерлеріне облыс әкімінің шоқ гүлдері арнайы табыс етілді.
Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.