Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша өсімі - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша өсімі

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша, бес айдың қорытындысына сәйкес,  айтарлықтай өсім көрсетіп, республикада бірінші орында тұр, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бес айдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс көлемінің 9 пайызға артуына қол жеткізді. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі шамамен 543,4 миллиард теңгені құраған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бойынша 120,1 миллиард теңгенің оң нәтижесіне қол жеткізілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша облыс республика рейтингінде Шымкенттен кейінгі екінші орында тұр.

Бұл тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің – алтын кендерін өндіру бойынша  65,4 пайызға, мыстың – 65,3 пайызға артуы есебінен мүмкін болып отыр. Ал, өңдеу өнеркәсібінде сусындар өндірісі 34,9 пайызға, пестицидтер өндірісі 7,4 пайызға, этил спирті 35,4 пайызға өскен. Сондай-ақ, металлургия өнеркәсібінде «Аксу Technology» ЖШС жаңа өнімдерінің есебінен доре қорытпасының өндірісі артқан.

Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылмен салыстырғанда ұн өндірісі 63 пайызға, шұжық өнімдері 31 пайызға, сары май, қышқыл сүт өнімдерін өндіру өскен. Биылғы жылы көктемгі егіс көлемі 5,1 миллион гектарға, астық және бұршақ дақылдарының алқабы 4,6 миллион гектарға ұлғайтылды.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында облыс экономикасына 181,1 миллиард теңге тартылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 38,5 миллиард теңгеге жеткен. 798 жеке және 23 коммерциялық  тұрғын үй салынған. Бұл еліміз бойынша ең жақсы көрсеткіш. Сөйтіп, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі де 242,6 мың шаршы метрге артқан.

Облыс экономикасындағы көрсеткіштердің өсуі әлеуметтік саладағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.

Биылғы жылдың басынан бері облыста 8148 жаңа жұмыс орны ашылған, оның 4808-і тұрақты жұмыспен қамтылғандар. Орташа жалақы 22 пайызға өскен. Халық табысының нақты өсімі 5,4 пайызды құрайды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар