Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Ақкөл қаласында болып, аудан әкімі Юрий Курушинмен кездесті.
Юрий Викторович жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы хабардар етті. Аудандық мәслихат хатшысы Д.Салыбекова және облыстық мәслихат депутаты М. Оразалинмен бірге олар бірқатар әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралады.
Бүгінгі таңда өңірдегі үлгілі болып табылатын «Smart Аqkol» ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Ол төтенше жағдайларға мониторинг жүргізу және жедел ден қою мақсатында енгізілген смарт-жүйелерді генерациялауға және басқаруға мүмкіндік береді.
Ақкөл орталық аудандық ауруханасы жөндеуді қажет етеді. Дәрігерлердің, жедел жәрдем көліктерің жетіспеушілігі бар.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы мен дизель қозғалтқыштарын өндірумен айналысатын «Агромашхолдинг» АҚ филиалы Ақкөл қаласының 30-ға жуық тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етеді. Талғат Тұрлыбекұлы аудандағы ауылшаруашылық техникалары паркін жаңарту қарқыны мен фермерлерді қолдау шаралары туралы сұрады.
Кәсіпорын басшылары өз жұмыстары туралы, соның ішінде «АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы айтып, проблемалар мен перспективалармен бөлісті, бірқатар сұрақтар қойды. Т. Жүнісов оларға жауап беріп, бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтты.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.