Облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні аталып өтілді.
Салтанатты шараға облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, журналистика ардагерлері, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері, байланыс саласының қызметкерлері қатысты.
Шарада облыс басшысы Ермек Маржықпаев сөз сөйлеп, ақпарат жəне байланыс саласының қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтады.
«Кәсіби мерекелеріңіз ақпарат саласы қызметкерлері күнімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Бүгін өңірімізде халықты ел мен жердің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жаһандағы жаңалықтан хабардар етіп отырған газет пен журнал, радио мен телевизия саласында 1000-ға жуық адам жұмыс істейді.
Билік пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір ретіндегі ақпараттық қызметтеріңіз үшін рахмет!», — деді Ермек Маржықпаев.
Шара барысында бірқатар журналистер облыс әкімінің Алғыс хатына ие болып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан облыстық «Арқа төрі – Ақмола!» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды.