ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу талдауы жүргізілді.
Мәселен, Ақмола облысы бойынша 2021-2022 жылдардағы өткен жылыту кезеңінде 14 субъект бойынша, жалпы сомасы 20 338 935 теңгеге (ҚҚС қоса алғанда) жылу энергиясы үшін төлемақы қайта есептелетін болады, оның ішінде:
- табиғи монополияның базалық субъектісі бойынша, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК – 14 181 030 теңге (ҚҚС-мен);
- «Степногорск Энергосбыт» ЖШС бойынша — 763 756 теңге (ҚҚС-мен);
- «Коммунсервис» ШЖҚ МКК бойынша-1 311 380 теңге (ҚҚС-мен);
- «Теміржолсу-Көкшетау» ЖШС бойынша — 16 766 теңге (ҚҚС-мен);
- «Жастар Атбасар» ЖШС бойынша — 242 190 теңге (ҚҚС-мен);
- «Степняк Су» ШЖҚ МКК бойынша-183 930 теңге (ҚҚС-мен);
- «Комхоз»ШЖҚ МКК бойынша — 379 004 теңге (ҚҚС-мен);
- «Ақкөл-горкомхоз» ШЖҚ МКК бойынша — 1 592 303 теңге (ҚҚС-мен);
- «Бурабай тазалық»ШЖҚ МКК бойынша — 367 464 теңге (ҚҚС-мен);
- «Аршалы Су-2030» ШЖҚ МКК бойынша — 479 334 теңге (ҚҚС-мен);
- «Теплосервис» ШЖҚ КМК бойынша — 554 627 теңге (ҚҚС-мен);
- «Теплосервис и К» ЖШС бойынша — 20 312 теңге (ҚҚС-мен);
- «Зеренді-Сервис» ШЖҚ МКК бойынша — 239 315 теңге (ҚҚС-мен);
- «Екінші Зеренді жылу тарату компаниясы» ЖШС бойынша — 7 524 теңге (ҚҚС-мен);
Яғни, жоғарыда көрсетілген субъектілердің тұтынушыларына қайта есептеу алдын ала төлем түрінде дербес шоттарға есептеу немесе жылумен жабдықтаудың реттелетін қызметіне берешек сомасын азайту жолымен жүргізілетін болады.
Бұл ретте, 2020-2021 жылдардағы жылу беру кезеңі үшін қайта есептеуден 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңі үшін қайта есептеу сомасының ұлғаюы, жылыту кезеңінде сыртқы ауа температурасының жоғарылауына байланысты.
Анықтама телефоны: 8 7162 50 43 63