Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан ШЫҰ-дағы ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты ұсыныстар әзірлеп жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан ШЫҰ-дағы ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты ұсыныстар әзірлеп жатыр

– Орталық Азия елдері ХХІ ғасырда аймақты дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды.

Бұл туралы «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қытай Азиядағы басты серіктесіміз болып қала береді.

Біз сауда ынтымақтастығы үшін үлкен әлеует көріп отырмыз және қазақстандық өнімдердің экспортын арттыруға мүдделіміз. Еуразиялық интеграция мен «Белдеу және жол» бастамасын түйіндестіру инфрақұрылымдық өзара байланысты нығайтуға және тұрақты өсуді қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп күтеміз», — деді министр.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың барлық саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бекініп, 2023-2024 жылдардағы төрағалығы аясында тиісті ұсыныстар дайындап жатыр.

«Сыртқы саясатымыздың ең маңызды басымдығы — Орталық Азиядағы өңірлік кооперацияны тереңдету. Қазақстан аймақтың экономикалық, көліктік-логистикалық және инвестициялық әлеуетін ашу үшін бірқатар бастама көтеріп отыр.

Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің арқасында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын қамтитын ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы келісімге қол жеткізілді», — деді Мұхтар Тілеуберді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар