Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ардагерлердің санаторийлік-курорттық емделуге құқықтары қалпына келтірілді - АРҚА АЖАРЫ

Ардагерлердің санаторийлік-курорттық емделуге құқықтары қалпына келтірілді

Ақмола облысы прокуратурасы облыс орталығының тұрғындарына санаторлық-курорттық емделу бойыша әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне талдау жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың басынан бастап көрсетілетін әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың құқықтарын шектегені анықталды.

Қалалық және аудандық Мәслихаттар санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек қарастырмай, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекітті.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұқтаж адамдарға санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 1 479 ардагердің құқықтары қалпына келтірілді.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар