Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыстың аумақтық прокуратураларымен кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

Облыстың аумақтық прокуратураларымен кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды

Степногор қаласының және Бурабай ауданының прокуратураларымен кәмелетке толмағандардың кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласында талдау жүргізілді.

Осы қызмет аясында денсаулық сақтау Мекемелері жыл сайын кәмелетке толмаған балаларды тегін медициналық тексеруден өткізуге міндетті.

Сонымен қатар, Степногор қаласында «Viamedis» ЖШС-нің қалалық емханасында, ал Бурабай ауданында «Бурабай аудандық емхана» ШЖҚ МКК-да кәмелетке толмаған тұрғындарға бұл медициналық қызметті толық көлемде көрсетпегені анықталды.

Мысалы, Степногор қаласында 2021 жылдың өзінде медициналық тексеруге жататын 17 807 баланың ішінен емхана 7 246 баланы ғана қамтыды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 19 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалардың конституциялық құқықтары қорғалды, сонымен қатар, емханаға бұзушылықтарды қысқа мерзімде жоюды және қаланың, ауданның барлық кәмелетке толмаған балаларын тегін медициналық тексерумен қамтамасыз ету міндеттелді.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар