Алматыда бір тәулікте 199 адамнан коронавирус анықталды

— Алматыда коронавирус жұқтырған 69 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 199 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 182 науқаста індет белгілері бар, 17 науқас — симптомсыз.

«Инфекциялық стационарларда 69 адам жатыр. Барлық емделіп шыққандар – 48, келіп түскені – 10. Жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) – 1 пациент», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 4 шілдеден бастап Алматы қаласы «сары» аймақта. Осыған байланысты, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар