— Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 10 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта ешқандай өңір жоқ. «Сары» аймақта Алматы қаласы тұр. «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.
Дереккөз: www.inform.kz