Ақмола облыстық сотының кеңейтілген жалпы отырысында облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Серікжан Ғабдулин 2022 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған облыстық сотының сот алқасының төрағасын, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын таныстырды.
Жарлықпен Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Раджаб Даминов, судья қызметіне Бауыржан Баймурзин Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.
Ақкөл аудандық сотының төрағасы қызметіне — Жанат Теміров Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Егіндікөл аудандық сотының төрағасы — Кәбира Сәдуақасова Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Ерейментау аудандық сотының төрағасы — Ғұмарбек Сисинғалиев Павлодар облысысы Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Есіл аудандық сотының төрағасы — Саян Жылқайдаров, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудандық сотының төрағасы — Дариға Оспанова Алматы қаласы Нурызбай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Көкшетау қалалық сотының төрағасы — Қазыбек Дегенбаев Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Қосшы қалалық сотының төрағасы — Нұрлан Бекенов Атбасар аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.
Зеренді аудандық сотының судьясы қызметіне Айнұр Сауытбаева, Көкшетау қалалық сотының судьясы — Қазбек Әбішев Есіл аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы — Ғизат Көбенов Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.
Жалпы отырыста судья лауазымына алғаш рет тағайындалған судья Айнұр Сауытбаева ант берді.
Серікжан Ғабдулин тағайындалған төрағалар мен судьяларды қызметке кірісуімен құттықтап, сот төрелігін сапалы іске асыруда заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға тапсырма берді.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.