Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл тұрғындарына қолайлы мүмкіндік - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл тұрғындарына қолайлы мүмкіндік

2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында Ақмола облысының ауылдық жерлерінде тұратын азаматтарының қатысуымен 3 мыңнан астам отбасылық шаруашылықтар құру жоспарланған.

Ағымдағы жылы 295 жаңа шаруашылық ашу қолға алынып отыр. Ол жоспарды жүзеге асыру үшін бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылмақшы. Мәселен, 80 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері қарастырылып, 180 жер телімі отбасылық шаруашылықтарға ұсынылмақ. Жыл басынан бері 33,9 мың гектарды құрайтын 43 жер телімі шаруаларға бөлінген. Оның 4,3 мың гектары шабындық, 29,6 мың гектары жайылымдық жерлер.

Ет және сүт өндіретін фермалар құрып, дамыту аясында  тағы 15-ке тарта шаруашылық ашылмақшы. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында осындай 32 шаруашылық құрылып, олар 2 мың  бас ірі қара мал иеленді.

Облыстың ауылдық жерде жеке бизнеспен айналысамыз деген тұрғындарына шағын несие беру үшін ағымдағы жылы 2,6 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Ол қаражат 540 шағын несие бөлуге мүмкіндік беріп, 215 жаңа шаруашылықтың тұсауы кесілуіне жол ашады.

Жалпы, осы мемлекеттік қолдау ауыл, шалғай елді мекендерде 600 жаңа жұмыс орындарының ашылуына қол жеткізеді. Сөйтіп, 2022 жылы облыс бойынша отбасылық шаруашылықтар ашу жоспары толығымен орындалмақ.

Айта кетер болсақ, 2021 жылы өңірде 330 отбасылық шаруашылықтар құрылған. Оған 127 жеке фермалардың ашылуы, 159 жобаны бастауға  бюджеттік несие бөлінуі, 44 ет және сүт өндіру  фермаларының ашылуы арқасында қол жетті.

Сөйтіп, мемлекет тарапынан жаңа іс бастап, шаруа қожалықтарын ұйымдастырып, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Осынау мүмкіндіктер тиімді пайдаланылып, дала төсіне мал өріп, шөп шабылып, қызу қарбалас кеңінен қанат жайса, ауылдық жерлерге жас мамандар да жетіп, ауыл тірлігі қайта жанданары кәміл. Бүгінгі талпыныс, өріс алған үрдіс осыны аңғартады.

Тек бұрыннан айтылып келе жатқан, ауыл тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама жайы толық жеткізіліп, несие, көмек алушылар құжаттарын рәсімдеу жайы жан-жақты түсіндірілуі тиіс. Әйтпесе, шаруаға мығым, қолынан іс келетін ауыл тұрғындарының дәл сол құжаттарды рәсімдеуге келгенде икемсіз болатыны бар.

                                                                                                                      Серік САПАРҰЛЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар