Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында муайтайдан (W.M.F) республикалық турнир өтті. Рингте 100-ден астам спортшы шығып өнер көрсетті.
«57 кг салмақта 14-15 жас аралығындағылар арасында жерлесіміз Роберт Давыдов чемпион атанды. 51 келі салмақта 16-17 жас аралығындағылар арасында тағы бір жерлесіміз Мұхиден Мақсат екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, 14-15 жас аралығындағылар арасында ақмолалықтар – Мадияр Жукин (60 кг), Расул Малиновский (63,5 кг) және Үспек Мырзабеков (67 кг) үшінші орын иеленді.
«Турнирге ұзақ және тыңғылықты дайындалдық. Күн сайын бізде спарринг болды. Осының арқасында маңдай тер зая кеткен жоқ», – дейді жарыс жеңімпазы Роберт Давыдов.