Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі - АРҚА АЖАРЫ

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі

Жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелер әрқашан өзекті. Біз жылжымайтын мүлікке жермен тығыз байланысты барлық дүниені жатқызамыз – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және тағы басқалары.

Азаматтар пәтер, жер учаскесін және кез-келген басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде бұл қадамға өте мұқият қарау керек, өйткені, бұл – адам өміріндегі өте маңызды оқиға. Өз мүлкінің толыққанды иесі болу және өзін алаяқтықтан қорғау үшін оған өз құқықтарын міндетті түрде тіркеу қажет.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу – бұл мүлікке құқықты растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарты Сіздің құқықтарыңызды растамайды, бірақ тіркеу үшін негіз болып табылады.

Бүгінгі таңда қызмет алушыларда жылжымайтын мүлікті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы  нотариалдық емес мәмілелерді не нотариус арқылы  құқықтарды электрондық тіркеу арқылы сатып алуға мәмілелерді ресімдеу бойынша таңдау құқығы бар. Нотариалдық куәландырылмаған мәмілеге жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап 1 жұмыс күні ішінде, ал электрондық тіркеу кезінде
1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Сонымен бірге, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде тараптар жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының кез-келген нотариусына жүгіне алады. Сондай-ақ, нотариалды куәландырылған мәмілелер негізінде 2 сағат ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел тіркеу қарастырылған.

Құқықтарды Мемлекеттік корпорация арқылы тіркеу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) Белгіленген нысан бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.

2) Тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжат.

Жер учаскесіне құқық (ауыртпалық) тіркелген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты беріледі.

3) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.

Диана Жахина,

Ақмола облысы  Әділет департаментінің жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар