Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде облыс прокуроры А.С. Майлыбаевтың төрағалығымен 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс прокуратурасының алқа отырысы өтті.
Алқа отырысында облыс прокуроры қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру, қылмыстық қудалау орбитасына тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын азайту бойынша оң динамиканы атап өтті.
Әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктер де назардан тыс қалған жоқ.
Прокурорлар есепті кезеңде 277 мың азаматтың құқығын, оның ішінде 83 мың конституциялық құқықтарын қорғады, мемлекетке 750 млн.теңге сомасында шығын өндірілді.
7,5 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, 19 бизнес субъектісін негізсіз қылмыстық қудалау шеңберіне тартуға жол бермедік.
Сонымен қатар, облыс прокуроры Ақмола облысының прокуратура органдары алдында Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау бойынша маңызды міндеттер қойды.
Атап айтқанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, активтерді қайтару, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл және басқа да жұмыстарды жандандыру тапсырылды.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.