Соңғы жылдары біздің қоғам ғимараттарында, мемлекеттік мекемелерде, сауда орталықтарында, адам көп жиналатын орындарда қойылған жарылғыш құрылғылар туралы көрнеу жалған хабарлама жасау сияқты қылмыстық құбылысқа жиі ұшырауда.
Мұндай ақпаратты алған кезде құқық қорғау және арнайы органдар дереу және жедел әрекет етіп, күдікті заттарды іздеу, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін тиімді шараларды қолданып, үлкен адами және материалдық шығындар пайдаланады.
Бір адамның қылмыстық ниетіне байланысты жүздеген және мыңдаған азаматтар зардап шегеді, олардың арасында балалар, зейнеткерлер, ауру адамдар да бар, сондай-ақ айтарлықтай бюджеттік шығындар жұмсалады. Бұл уақытта мекемелердің қалыпты қызметі тоқтап, оларға үлкен шығын келтіріледі.
Мұндай хабарламалар телефон қоңырауы, әлеуметтік желілер арқылы тарату, электрондық пошта немесе басқа да жолмен хабарлама түрінде жасалуы мүмкін.
Осы қылмыс үшін біздің мемлекетіміздің аумағында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Бұндай қылмысты жасағаны үшін 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Соттың үкімі бойынша кінәлі деп танылған адамдар жедел қызметтерді жалған шақырғаны үшін шығындарды толық төлеуге, кәмелетке толмаған сотталған адам болған жағдайда, ақы төлеу заңды өкілдерге жүктеледі.
Сонымен қатар, қылмыстың бұл түрі үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.
2022 жылдың өткен кезеңінде (2021ж. – 2/2) Ақмола облысының соттарымен аталған санат бойынша 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс қаралып, барлығы бойынша айыптау үкімдері шығарылған.
Сот актілерін талдау қылмыстың осы түрін жасаудың негізгі себептері бұзақылық әрекеттер болып табылатынын, барлық адамдар алкогольдік масаң күйде болғанын және оны сот барлық жағдайларда жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танығанын көрсетті. Айта кететін жай, 2 адам төтенше жағдай кезінде қылмыс жасаған, оны сот ауырлататын жағдай деп те таныған.
Мысалы, 08.01.2022 жылы азамат «Б» Көкшетау қаласында мас күйінде, төтенше жағдай кезінде сауда үйлердің бірінде болып, өзінің іс-әректімен қоғамдық қауіпсіздікке, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін түсіне отырып, өз сөздерінің жалғандығына сенімді болып, сауда орталығының қызметкеріне «барлығы жарылады» — деп, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы әдейі жалған хабарлаған.
Аталған факті бойынша Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобының, саперлардың, өрт сөндіру техникасының және бірнеше жедел жәрдем бригадаларының шығуы жүзеге асырылған.
Сауда орталығының үй-жайларына мұқият тексеру жүргізілген, бірақ жарылғыш құрылғыларға ұқсас заттар табылмай, тексеруден кейін қоңыраудың жалған екендігі анықталған.
Осылайша, сотталған «Б» халықты қорқытып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, сауда орталығының қалыпты жұмыс істеуі тоқтаған.
Осылайша, азамат «Б» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген қылмысты жасаған, яғни дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабар берген.
Сот үкімімен азамат «Б» ҚК-тің 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалған, үкім заңды күшіне енген.
Сол сияқты азамат «Ж» алкгольдік масаң күйде, оның іс-әрекеті көптеген адамдардың қаза болу қаупінің нақты қатері ретінде қабылданатынын, мемлекеттік мекемелердің қалыпты жұмыс істеуін тоқтауын біле тұра, «103» шұғыл қызметінің нөміріне жалған қоңырау шалып «жедел жәрдем станциясы» ғимаратына бомба әкелгені туралы хабарлап, әрі қарай сол күні «102» нөміріне жалған қоңырау шалып облыстың полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімінің біріне темір жол вокзалының әкімшілік ғимаратында бомба қойылғанын хабарлаған, яғни жалған жарылғыш заттың қойылғанын жеткізген.
Тексеру актісімен көрсетілген аумақ пен құрылыста жарылғыш заттар мен құрылғылардың табылмағаны анықталған.
Азамат «Ж» Қылмыстық кодекстің 273-бабымен жаза тағайындалып, одан материалдық шығындар өндіріліп алынған.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, саналы түрде азаматтарды қылмыстың осы түрін жасаудан сақтануға, мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің, сондай-ақ материалдық шығын өндірілетінін, соттылықтың болуын ескертемін.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі