— Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3095 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 344 360-қа жетті.
«Соңғы тәулікте анықталған науқастардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында — 918,
Алматы қаласында — 694,
Шымкент қаласында – 78,
Ақмола облысында – 119,
Ақтөбе облысында – 47,
Алматы облысында — 101,
Жетісу облысында — 129,
Атырау облысында — 76,
Шығыс Қазақстан облысында — 25,
Абай облысында — 55,
Жамбыл облысында — 121,
Батыс Қазақстан облысында — 87,
Қарағанды облысында — 327,
Ұлытау облысында — 35,
Қостанай облысында — 55,
Қызылорда облысында — 63,
Маңғыстау облысында — 36,
Павлодар облысында — 67,
Солтүстік Қазақстан облысында — 40,
Түркістан облысында 22-сі тұрады» — деп жазды комиссиядан.