Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егінді алқаптың жайы-күйі жаман емес - АРҚА АЖАРЫ

Егінді алқаптың жайы-күйі жаман емес

Егін өсімі, бүгінгі жай-күйі жайлы әңгімені ауа райы, осы күнгі жауын-шашын туралы мәліметтен бастаған жөн болар.

Өйткені, басқа агротехникалық шаралар толық сақталып, технологиялар жүзеге асырылғанмен, егінге тигізер жауын әсерін жоққа шығаруға болмас. Осы орайда, «Қазгидрометтің» облыс бойынша берген соңғы мәліметіне көз жүгіртейік. Онда шілде айы бойынша жылдағы орташа көрсеткіш мөлшерімен алғанда Ақкөл ауданы 76,5 пайыз, Бурабай ауданы 62,9 пайыз, Есіл ауданы 89,8 пайыз, Ерейментау ауданы 50,4 пайызды көрсетсе, бұл өңір бойынша кестедегі ең жоғары көрсеткіштер.

Ал, ең төменгі мөлшер ретінде Жақсы ауданы 7,6 пайызды, Қорғалжын ауданы 6,9 пайызды ғана көрсетіп тұр. Дегенмен, алдыңғы айларда әр кезде барлық аудандарда әртүрлі мөлшерде жауын жауғаны бар. Басқаша айтқанда, егінді алқаптар мүлде ылғалсыз емес. Оның үстіне тұқым сапалы және оларға ылғал да әр түрлі кезеңде қажет. Алдағы күндер де жауынсыз өтпейтін секілді.  Демек, жалпы егін түсімі жаман болмас деген жорамал бар.

Сыртқы әсер өз алдына, диқандар егін бабына қажетті, тиесілі шараларды уақытымен өткізіп келеді. Келер жылдың да қамы ойланылуда. Егілмей бос қалдырылған жердің өнікті өнім берері ескерілуде. Қазір пар өңдеудің екінші кезеңі жүруде. Бұл жұмыстың алдында келе жатқан Есіл ауданы. Межелі істің 95,8 пайызын атқарған. Одан кейін Жақсы ауданы, көрсеткіші  83,0 пайыз. Жарқайың ауданы жоспарын  81,5 пайызға орындаған. Көкшетау қаласы, Ерейментау, Аршалы аудандары бұл жұмысты енді-енді қыздыра бастағанға ұқсайды.

Шаруаның тағы бір ықтиятпен атқарып жатқан жұмысы егістік алқапты химиялық өңдеу. Бұл тәсілдің қажеттігіне  дау жоқ. Ол алқапты арамшөптің қаптауынан, зиянкестерден сақтайды. Бұл жұмыстарды атқаруда Ақкөл,  Астрахан, Атбасар, Бурабай, Есіл, Шортанды аудандары ыждаҺаттылық танытуда.

Осы күндері қысқы мал азығы – шөп дайындау да қарқынды жүруде. Шөп құнарын жоймай тұрғанда шауып, жинап алу көзделуде. Бұл ретте, Шортанды ауданы барлық керек шөптің 78,4 пайызын, Биржан сал ауданы 77,6 пайызын, Жарқайың ауданы 70,3 пайызын, Аршалы ауданы 69,7 пайызын, Ақкөл ауданы 67,3 пайызын дайындап алда келеді. Бұланды әзір тек керек шөптің 21,8 пайызын, Қорғалжын 38,7, Зеренді 46,4 пайызын шауыпты. Осы қарқынмен жұмыс жалғасып, қажет қор жинақталып алынбақ.

Ең бастысы, егін өсуі, агротехникалық шараларды дер кезінде өткізуге, шөп шауып жинауға барлық жағдай мен мүмкіндік бар.

                                                 Серік САПАРҰЛЫ,

                                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар