Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа департаменттің міндеттері - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа департаменттің міндеттері

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ағымдағы жылдың басынан Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жанынан Сауда комитеті құрылды, ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлеумен айналысады.

Комитеттің өңірлерде аумақтық бөлімшелері – сауда департаменттері бар, олардың міндеттеріне тауарлар бағасына мониторинг жүргізу кіреді.

Бұдан басқа, Комитеттің міндеттеріне стационарлық сауда объектілері мен көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлеу енгізілді.

Комитеттің өкілеттіктеріне, сондай-ақ, тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу үшін өтініштер нысандарын, лицензияның және  лицензияға қосымшаның нысандарын әзірлеу тіркелген.

Бұған қоса, Комитетте тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу және республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу функциялары да бар.

Ақмола облысы сауда департаментінің мамандары күнделікті әлеуметтік маңызы бар тауарларқорлар бойынша деректер жинауды және көтерме сауда нарықтарының, сондай-ақ көтерме жеткізушілердің жағдайына талдау жүргізеді.

Қазіргі уақытта Департамент бағаны ұстап тұру бойынша жұмыс жүргізе алмайды, оған себеп, заңнамалық өкілеттіктердің белгіленбегені. Бағаны ұстап тұру бойынша бақылау-қадағалау функцияларын беру туралы заң жобасы қаралуда. Бірақ, бұл туралы айтуға әлі ерте.

Департамент күнделікті азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізеді. Тиісті органдарға сауда үстемелерін асыра бағалау фактілерін жеткізеді. Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне апта сайын сейсенбі және жұма күндері беріліп отырады.

Қайыржан ОҢҒАРОВ,
Ақмола облыстық сауда департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар