Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
90,2 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер кәдеге асатын болды - АРҚА АЖАРЫ

90,2 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер кәдеге асатын болды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңына келген  облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жетекшісі Ерғали Шорин «Пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар» деген тақырыпта хабарлама жасап, бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын 5 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берді.

Ақмола облысы бойынша 500 мың гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару ұсынылды. Осы тапсырманы орындау шеңберінде жер ресурстарын басқару департаменті әрбір мемлекеттік органның міндеттерін бөле отырып, ведомствоаралық кіші топтың жұмыс жоспарын әзірледі.

Осы жоспарға сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алу және қайтару бойынша жұмыстар үш бағыт бойынша жүргізілуде. Яғни, жер учаскелерін пайдаланбау фактілері бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына тексеру жүргізу. Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрі мораторий аясында тексеру жүргізу туралы жер пайдаланушылардың тізімін бекітті. Тізім жалпы ауданы 900 мың гектар жер, 300-ден астам жерге орналастырушыдан тұрады (оның ішінде егістік 173,3 мың гектар, жайылым 783,9 мың гектар).

Бүгінгі күні тексеру жүргізілгеннен кейін 90,2 мың гектар алаңда жерді пайдалануға кірісті, 4,4 мың гектар ерікті түрде бас тарту жолымен мемлекеттік меншікке қайтарылды, 80,9 мың гектар алаңда жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану туралы ұсыныстар берілді, пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша материалдар 20 еселенген мөлшерде салық салуды бастау үшін облыстың тиісті мекемелеріне жіберілді.

Қалған тәртіп бойынша 700 мың гектар пайдаланылмайтын жер бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда сот органдарының қарауында 40 мың гектар («Орловка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Есіл Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қабылдау туралы екі талап арыз жатыр.

Сонымен қатар, тексеру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде департамент қызметкерлері бірқатар проблемаларға тап болады. Белгілі болғанындай, тексерулер ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізу туралы хабардар субъектілерді тарту, тексеру актілерін тарту, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау арқылы жүргізіледі. Тәжірибе көрсеткеніндей, тексеру субъектілері хабарлама алудан қасақана жалтарады, осылайша департаментке тексеруді заң органдарында тіркеуге кедергі келтіреді. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар жоспарында полиция, прокуратура қызметкерлері тарапынан субъектілердің орналасқан жерін анықтауға және мұраға қолма-қол кіруге жәрдем көрсету көзделген.

Екінші мәселе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін берудің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру.

Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша мүмкін болатын функциялар шеңберінде департамент ағымдағы жылы мемлекеттік органдарға қатысты 60-тан астам тексеру жүргізді және жер заңнамасының нормаларын бұзудың анықталған фактілері бойынша нұсқама берді. Алдын алу-талап қою жұмысының нәтижелері бойынша конкурстан тыс заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің 70 мың гектардан астамы мемлекеттік меншікке қайтарылды. 27 мың гектар аумақта жер заңнамасының нормаларын бұза отырып, жер учаскелерін беру туралы сегіз талап арыз қаралуда. Департамент тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы заңнаманың сақталуына профилактикалық бақылау жүргізеді.

Үшінші мәселе, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қойылған міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілері арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы бөлікте департамент облыстық әкімдікпен, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары уәкілетті органымен бірлесіп, облыс өңіріне шыға отырып, ауыл шаруашылығы құралымдарының басшыларымен және аудандардың жер комиссияларының мүшелерімен кездесулер өткізеді. Сындарлы диалог шеңберінде жер заңнамасына енгізілген өзгерістер, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбағаны және мақсатсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік және салықтық ықпал ету шаралары түсіндіріледі. Жер учаскелерін алып қою шараларын таңдау мақсатында алқаптарды мақсаты бойынша толық пайдалану мүмкін болмаған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге пайдаланылмайтын жерлерден өз еркімен бас тарту ұсынылады.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар жер иелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерден бас тартты. Ол учаскелер арнайы жер қорына салынған. Құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу нәтижесінде жерді мемлекетке қайтарудың оң серпінін назарға ала отырып, барлық мүдделі органдар осы бағыттағы жұмысты тұрақты негізде жүргізуі қажет. Осыған байланысты өңірлердің жергілікті атқарушы органдарына халықпен жиын шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, өңірлік телеарналарда сөз сөйлеу бойынша тапсырмалар берілді. Брифинг қонағы сөзін:–Ведомствоаралық жұмыс тобының бірлескен және үйлесімді жұмысы кезінде ғана біз Үкіметтің мемлекетке қайтару және ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тарту бойынша алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындайтынымызды атап өткен жөн,– деп қорытындылады.

                                                           Серік САПАРҰЛЫ,

                                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар