Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәртебелі мамандық иелері марапатталды - АРҚА АЖАРЫ

Мәртебелі мамандық иелері марапатталды

 «Достар»  мәдениет сарайында  Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев Көлік қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, автомобиль, теміржол магистральдары және әуе жолдарының өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады, бірқатар сала қызметкерлері мен ардагерлерін «Еңбек ардагері» медалімен және «Құрметті автокөлікші» төсбелгілерімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапаттады.

– Бұл мереке қашықтықты қысқарта отырып, бізді туған-туыстарымызбен, жақындарымызбен байланыстырып, қалалар мен елдерді жақындастыратын жандардың мерекесі, – деп бастады құттықтау сөзін облысы әкімінің орынбасары. – Көлік кешені экономиканың негізгі және стратегиялық салаларының бірі болып саналады. Біздің облыста соңғы он жылда мыңдаған шақырым автожол қайта жаңартылды. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында елді мекендердің көше-жол желісін жөндеуге биылғы жылдың өзінде 61 миллиард теңге бағытталып, бір мың шақырымнан астам автожол жөнделуде. Заманауи жолдармен ешқашан асфальт жол төселмеген ауылдарда қамтылған. Жалпы, соңғы жылдары облыстық жолаушылар көлігі саласында тындырылған тірлік, ілкімді істер көп, – дей келіп, өңір басшысының орынбасары саланың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген  «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалының қатарындағы 12 мың қызметкеріне елеулі еңбектері үшін алғыс айтып, бірқатар сала  қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар, ол өз сөзінде аймақ үшін, әсіресе, туризмді дамыту мақсатында Әуе қатынасы саласының қызметінің маңыздылығына ерекше тоқталып өтіп, жылы лебізін білдірді.

Салтанатты шараға жиналған көлік саласының ардагерлеріне ерекше алғыс айтылып, әрқайсысына гүл шоқтары табыс етілді.  Жиын барысында «Еңбек ардагері» медалі«Боровское ПАТП»серіктестігінің жүргізушісі, осы салаға 46 жыл ғұмырын арнаған Александр Данчевке табыс етілсе,«Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен серіктестіктің жүргізушісі Александр Кошкин, «Bus Kokshe»серіктестігінің жүргізушісі Сәлім Тәшімов, «СейНұр» фирмасы»серіктестігінің жүргізушісі Борис Наумов марапатталды. «Үздік автокөлікші» төсбелгісіне «Көкшетау автобус паркі»серіктестігінің жүргізушісі Владимир Абрамов ие болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен майталман мамандарды «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамыныңАқмола облыстық филиалының директоры Әділхан Дәкенов марапаттады.

Айдана СӘДУАҚАСОВА.

Суретті түсірген  Айбек ДАНИЯРОВ. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар