Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 16 мыңға жуық оқушы материалдық көмекке мұқтаж - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 16 мыңға жуық оқушы материалдық көмекке мұқтаж

 Ақмола облысында 15 877 бала материалдық қолдауды қажет етеді, оның ішінде 1261 — бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың 1 тамызынан бастап өңірде «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр.

«Биыл Ақмола облысында 15 877 бала материалдық қолдауды қажет етеді, оның ішінде бірінші сыныпқа баратын 1 261 оқушы бар. Акция басталғаннан бері облыс бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Облыстың аудандары мен қалаларында 225 рейд ұйымдастырылды, оған қоғам, мемлекеттік құрылым өкілдерінен 186 адам қатысты. Сондай-ақ, 137 қолайсыз отбасы, 29 ойын-сауық мекемесі, 4 компьютерлік клуб, 11 үйдің жертөлесі, 3 саяжай шаруашылығы,13 базар тексерілді. Жүргізілген рейд қорытындысы бойынша 19 кәмелетке толмаған бала анықталып, олардың ата-анасымен әңгіме жүргізілді, жұмысқа орналастыру, жәрдемақыны рәсімдеу бойынша кеңес берілді», — дейді облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Бақытжан Тұтқабаева.

Басқарманың баспасөз қызметінен атап өткендей, облыс бойынша 6 726 бала материалдық көмек алды.

«Мектепке жол» акциясы облыстың бүкіл аудан-қалаларында жалғасып жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар