Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өкілеттіктердің кеңеюімен жауапкершілік те артады - АРҚА АЖАРЫ

Өкілеттіктердің кеңеюімен жауапкершілік те артады

Целиноград ауданының Родина ауылында Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Іс-шараны депутаттардың, аудандық мәслихат хатшыларының өтініші бойынша «Агрофирма «Родина» ЖШС базасында өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл идеяны облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қолдады.

Отырысты ашқан Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов әйгілі «Родинаға» деген қызығушылық кездейсоқ емес екенін атап өтті. Компанияның құрылтайшысы, белгілі бизнесмен және меценат Иван Сауэр –  бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болған. Ол уақытында өзіне тиесілі кәсіпорынды сақтап қана қоймай, оның негізінде ең озық технологияларды енгізе отырып, мықты шаруашылық құра алды.

Иван Адамович кездесуге қатысушыларды жылы қарсы алып, барлығына жемісті жұмыс тіледі, әріптестерімен өз тәжірибесімен бөліскеніне өте қуанышты екенін атап өтті.

Отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылады.

«Жаңа сын-қатерлер, қоғамдық-саяси ахуалдағы, оның ішінде сыртқы саясаттағы өзгерістер біздің өмірімізді реттейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қажеттігін талап етеді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында берген нұсқауларына сүйене отырып, дұрыс жол табу керек. Президент атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттілікті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – азаматтарды жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне кеңінен тарту. Депутаттарға өзін-өзі басқарудың тікелей қатысушылары ретінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қалыптасуында елеулі рөл берілген», – деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы.

Сөз сөйлегендер – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Серік Жұмабаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры Анар Байтукенова, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағадат Әшебеков, Целиноград ауданының Мәншүк Мәметова атныдағы аул әкімі Ғани Исаев – жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлі аспектілерін қозғап, мәселенің өз көз-қарасымен, жеке тәжірибесімен бөлісті.

Профессор С.Жұмабаевтың пікірінше, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері арасындағы жауапкершіліктің бұлыңғыр аймағы ауылдық округтер деңгейінде жоспарлау және орындау жүйесінің теңгерімсіздігіне әкеледі.

«Ауылдық округ әкімінің аудандық деңгейге әкімшілік және қаржылық тәуелділігі, оның ішінде ауылдық округте өкілді органның болмауына байланысты, оған жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге назар аударуға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа, ауыл әкімі аппаратының қолданыстағы ұйымдық-құқықтық нысаны мен лимиттелген штат саны тұрғындардың жайлы тұруын қамтамасыз ету үшін шешімдер қабылдаудағы икемділік пен жеделдікті шектейді», – деп есептейді Серік Әсетұлы.

Мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейту туралы айта келе, С.Жұмабаев тексеру комиссияларының рөлін өзгерту туралы мәселені қарастыруға болады деп есептейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олар дербес тексеруші орган болып табылады, мәслихат өз құзыретіне сәйкес Тексеру комиссиясының төрағасын (есеп комитетінің ұсынуы бойынша) және оның мүшелерін (тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы бойынша) бес жыл мерзімге тағайындайды және қызметінен босатады.

«Мәслихат жанынан облыстық тексеру комиссияларын құрып, оларды мәслихатқа тікелей бағынатын тексеруші орган деп тануға болады. Осылайша, жергілікті халықтың тікелей өкілі – депутаттың жергілікті бюджет қаражатының мақсатты игерілуін, уақытылы және дұрыс пайдаланылуын бақылауға мүмкіндігі болады», – деп жалғастырды профессор Жұмабаев. Сонымен қатар, оның ойынша облыстық басқармалардың басшыларын тағайындау мәслихаттың мақұлдауымен жүргізілуі тиіс.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры Анар Байтукеноваға мәслихат хатшыларының сұрақтары аз болған жоқ. Заң жобаларын әзірлеген ведомствоның өкілі бірінші кезекте Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің отырысын ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейін атап өтті.

«Бүгінгі таңда мәслихаттар халықтың еркін білдіретін жалғыз өкілді орган болып табылады. Мәслихаттардың хатшылары – халық пен мемлекет арасындағы байланыстырушы сала, өңірлік деңгейдегі өзін-өзі басқару тірегі», – деп атап өтті министрлік өкілі.

Байтукенованың пікірінше, әзірленіп жатқан «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да, өзін-өзі басқару органдарының да қызметіне тікелей әсер етеді және әртүрлі салаларды: бюджеттеу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының коммуналдық мүлкін басқару, мемлекеттік сатып алу, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілеттіктерін қозғайды. Әзірленіп жатқан заң жобасының негізгі новеллаларына тоқтала отырып, Анар Абдуллақызы депутаттардың  көптеген сұрақтарына жауап берді.

Талқылау барысында жиналған мәселелер, ұсынымдар, ескертулер, ұсыныстар облыстық мәслихаттың жұмыс тобымен зерделеніп, жүйелендіріліп, жұмыс тәртібімен Ұлттық экономика министрлігіне жеткізіледі. Дәл осындай топтарды аудандарда құру ұсынылды.

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы спикерлерге заң жобаларын егжей-тегжейлі түсіндіргені үшін, ал әріптестеріне талқыланатын тақырыпқа белсенділігі мен немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс білдірді.

«Менің ойымша, бүгін әңгіме мазмұнды болды және көп нәрсені нақтылады. Құжатты жақсарту бойынша өз идеяларымыз бен ұсыныстарымызды жеткізу үшін әлі де көп жұмыс істеуіміз керек.

Иван Адамовичке қонақжайлылығы мен жылы қабылдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді», – деп түйіндеді мәслихат хатшысы Т.Жүнісов.

Кездесуге қатысушылар Родина ауылын аралап, сүт зауытын, ауылдық полиция бөлімін, амбулаторияны, сұлулық салонын, кітапхананы, дүкенді, мектепті, мешітті аралап көрді. Олар «Родина» ауылы – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің және ЖАО мен шаруашылық жүргізуші компанияның тығыз өзара іс-қимылының жарқын мысалы екеніне көз жеткізді. Мұндай ынтымақтастық тәжірибесі  жергілікті тұрғындарына өте пайдалы.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар