Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар көптеп салынуда - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар көптеп салынуда

Халықтың бірінші кезектегі мәселелерінің бірі – тұрғын үйдің қолжетімділігі. Әлеуметтік әл-ауқат тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты. Сондықтан, облысымызда бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп келеді. Бірқатар атқарылған істер көпшіліктің көз алдында. Көптеген тұрғындардың, оның ішінде көп балалы аналар мен мүгедектердің, еңбек ардагерлерінің, ұзақ жылдар үй кезегінде тұрған адамдардың пәтерлі болуы құрылысшылардың өнікті еңбегінің арқасы.

Соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысына 190,0 миллиард теңге инвестиция тартылса, оның ішінде 2022 жылдың 6 айында ғана 40,5 миллиард  теңге инвестицияланды.

Ақмола облысы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша республикада бірінші орында. Басқаша айтқанда, нақты өнім көлемі 138,7 пайыз. Бұл-үлкен жетістік, құрылысшылардың ерен еңбегі. Біздің құрылыс саласында жұмыс жасап жүрген мамандардың тәжірибесінің толыққаны, өз істерінің шеберлері екендігінің көрінісі.

2020 жылдан бастап 1,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер мәселесін 12 мыңға жуық ақмолалық отбасы шешті. 286 көп балалы отбасы, 526 — халықтың әлеуметтік осал топтары, 249-Отбасы банкінің салымшылары, 286 — ЖАО кезекте тұрғандар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері бойынша Ақмола облысы Республиканың алдыңғы он облысының қатарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары сияқты көшбасшылардан кейін көршілес облыстардан – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан айтарлықтай алда келеді.

Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 11 жалға берілетін тұрғын үй  24,1 мың шаршы метр, 334 пәтер, 6 кредиттік тұрғын үй (18,9 мың шаршы метр, 285 пәтер) және су тасқыны қаупі бар аймақтан Атбасар ауданының тұрғындарын көшіру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 2 тұрғын үй 15,3 мың шаршы метр 200 пәтер салынады.

Ақмола облысы-облыс орталығында ғана емес, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Макинск шағын қалаларында салынып жатқан несиелік үйлер құрылысының географиясын кеңейткен республикадағы алғашқы аймақтардың  бірі. Біз осы алыс елді мекендерде тұрғын үйлер салып жатқанымыз үшін қуанамыз және ол жұмыстарымызды жалғастыра бермекпіз.

Дәлірек айтсақ, тұрғын үй құрылысы Ақмола облысының барлық 20 өңірінде жүргізілуде. Мұнда жеке және коммерциялық құрылыс салушылардың үлкен үлесін атап өткім келеді. Облыстағы тұрғын үйдің 70 пайызға жуығы жеке инвестициялар есебінен салынады.

Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін мемлекет жыл сайын жеке тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуді қаржыландырады.

2022 жылыжеке тұрғын үй құрылысының 1809 объектісіне инженерлік желілер жүргізу жоспарлануда. Олардың қатарында Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында 700 учаске, «Заречный» шағын ауданда 738 учаске, Щучинск қаласы және Зеленый бор ауылында 200 учаске, Бурабай ауданы, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында 171 учаске бар.

Мемлекет әлеуметтік нысандардың құрылысына көп көңіл бөлуде.

Соңғы 2 жылда Ақмола облысында 41 әлеуметтік нысан салынды.

Құрылысшылардың шеберлігі мен еңбегі арқасында үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі шешілуде. Пандемияға қарамастан Целиноград, Зеренді аудандарында, Көкшетау қаласында 13 білім беру нысаны пайдалануға берілді, Сандықтау ауданында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінің ғимаратын реконструкциялау аяқталды.

Ағымдағы жылы Аршалы ауданы Өтеміс, Жібек Жолы, Көкшетау, Қосшы, Ақкөл қалаларында 3 292 оқушы орындық  6 мектеп пайдалануға беріледі.

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері облыстың әрбір тұрғынын толғандырады. Соңғы 2 жылда құрылысшылар 7 Денсаулық сақтау нысанын тапсырды.

Шортанды, Целиноград аудандарында дәрігерлік амбулаториялар салынды. Пандемия жағдайында 3 айда Көкшетау қаласында 200 төсектік модульдік аурухана пайдалануға берілді. Бұл ретте біздің құрылысшылардың жауапкершілікті терең сезініп, шұғыл жұмыс атқарғанын атап өтуге тиіспіз.

Ағымдағы жылы Қосшы қаласында 100 адам қабылдайтын емхана, Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы пайдалануға беріледі.

Пандемия кезінде әлеуметтік маңызы бар 2 ірі нысан салынды. Бірі Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхана, бұл біздің өңір үшін өте маңызды. Өйткені, онда онкологиялық ауруларға шалдыққандар ем алмақ. Екінші  маңызды нысан – «Болашақ» сарайы, ол оқушылар мен студенттерге өнер мен ғылымның кез келген бағытында өз қабілеттері мен таланттарын қосымша дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылысшылардың арқасында бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселелері шешілуде. Пандемия кезінде Аршалы, Біржан сал, Ерейментау, Целиноград ауданы Ақмол ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды.

2022 жылы Сандықтау ауданының Балкашино кентіндегі стадионды қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, құрылысшылардың арқасында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері шешілуде. 2021 жылы Бурабай ауданы ІІБ кенттік полиция бөлімінің құрылысы аяқталды.

Сөйтіп, ақмолалық құрылысшылар өздерінің қиын да мәртебелі мамандығына дақ түсірмей, ерен еңбектерімен ерекшеленіп келеді. Олар алға қарай да абырой биігінен көріне бермек.

                                                       Марат ӘУБӘКІРОВ,

Ақмола облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар