ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Отырыс барысында 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Аталған тақырып бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов және т.б. сөз сөйледі.
Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Үкімет отырысына шығару үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп елдің даму болжамы мен бюджет параметрлерін пысықтауды тапсырды.
Дереккөз: primeminister.kz