Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қойнауы Қошқарбайдың мол қазына - АРҚА АЖАРЫ

Қойнауы Қошқарбайдың мол қазына

Сан  талай тылсым сырды қойнауына бөккен, көне тарихтың көмбесі іспетті Қошқарбай қорымы әлмисақтан айрықша маңызды тарихи-мәдени  аймақ болып саналады. Ол жерде археологиялық мәні зор 200-ден астам қорғандар мен қорымдар орналасқан.

Сонау мезолит дәуірінен бастап орта ғасырға дейін жылға тартатын көне қоныстар, әрқилы қорғандар мен топырақтан тұрғызылған бейіттер, жекелеген жерлеу орындары қаншама. Оның баға жетпес мұрасы қазақ халқының көне тарихының куәсі дерлік жартастардағы күнқақты болған суреттер, тілсіз тас мүсіндер, ескі қорғандар, ата-бабамыздың көне қыстаулары мен қоныстары, әртүрлі обалар талай-талай ұрпақтың өмірі мен тұрмысынан шым-шымдап сыр шертеді.

–Жаздың күні облыстық археологиялық экспедиция Кеңөткел ауылына таяу жерде жұмыс жүргізді. Бұл жұмысқа Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен А.Мырзахметов атындағы университет студенттері, облыс орталығындағы білім ошақтарының, Краснояр ауылындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты, – дейді №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Самат Тасмағамбетов. – Тарих пәнінің мұғалімі Серік Ысқақовтың өте қызғылықты да әсерлі әңгімесін тыңдадық, мол мағлұмат алдық.

Тарих пәнінің мұғалімі Серік Базарбекұлының айтуынша, тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері. Ескерткіштер – әрбір елдің төл тарихы мен өткенінен сыр шертетін ұлттық байлығы. Сол арқылы келешек ұрпаққа тәлімді тәрбие берудің маңызы өте зор.

Бір өкініштісі, даламыздағы тарихи-мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтауға ыждаһаттылық таныта бермейміз. Мәселен, Қошқарбай І, Кеңөткел ХІХ, Троицкое ІІ қорымдары дала жолдары түскен кезде қиратылған. Ал, Қошқарбай ІV қорымы Айдарлы ауылы мен Қошқарбай ауылын қосатын жол салынған кезде бүлдірілген. Кеңөткел ХVІІІ қорымы мал жайылымына айналған. Міне, осылайша есте жоқ ескі кезеңнен қалған қаншама ескерткіш, баға жетпес рухани байлық салақтығымыздың салдарынан жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Осы тарихи ескерткіштерді туристік жерлерге айналдыруға болмас па еді. Ол үшін археологиялық ескерткіштерді сандық форматта өткізіп, өңірдің туристік әлеуетін көтеру қажет. Бағзы заманнан бері сақталып келе жатқан мәдени мұраны қорғау – біз үшін міндет. Әрі  ата-бабаның аманаты іспетті дүние.

Байқал БАЙӘДІЛОВ,
журналист.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар