Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда Қосман Айтмұхаметовке ескерткіш бюст ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда Қосман Айтмұхаметовке ескерткіш бюст ашылды

Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында қазақтың қайсар да ардақты ұлы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Ақмола облысының бұрынғы әкімі Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметовке ескерткіш бюст ашылды. Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев, зиялы қауым өкілдері, марқұмның туған-туыстары мен үзеңгілес достары және әріптестері қатысты.

Еліне адал қызмет еткен және де мемлекеттің мүддесі үшін жанын аямаған Қосман Қайыртайұлы 2020 жылы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары бола жүріп, індеттен қайтыс болған еді, Ол Арыс қаласындағы жарылыстың  және Шардара су қоймасының су тасқынының зардаптарын қалпына келтіруде сол кезде «COVID-19» індетінің өршіп тұрғандығына қарамастан жұмыс киімін киіп алып, күні-түні аса қиын учаскелерде жүргендігін ел жақсы біледі.

Ескерткіш бюсті ашу салтанатында сөз сөйлеген Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің әріптесі әрі серігі болған Қосман Қайыртайұлының адамгершілік, азаматтық, мемлекетшіл қасиеттері жайлы тереңнен тарта сөз қозғады. Марқұм Қосман Қайыртайұлының анасы Зәмзәм Ілиясқызы өз ұлына құрмет көрсетіп отырған облыс әкімі Ермек Боранбайұлына шынайы аналық ризашылығын білдірді.

Ескерткіш бюст Көкшетау қаласының «Сарыарқа» шағынауданының көрнекті жерінен орын алып отыр. Алдағы уақытта бір көшенің атын беру мәселесі де қарастырылып жатыр.

Айта кетсек, еңбек жолын тракторшы, кеңшардың көлік жүргізушісі болып бастаған Қосман Қайыртайұлы ұзақ жылдар қазіргі елордамыздың қалалық шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, дамытуға елеулі үлес қосты. Жан-жақты білімі, еңбекқорлығы, мақсаткерлігі, істің көзін таба алатын іскерлігінің арқасында Ақмола облысы әкімінің орынбасары, әкімі, ҚР Өңірлік даму вице-министрі, ҚР Құрылыс, коммуналдық шаруашалық істері және жер ресурстары комитетінің төрағасы, Астана қаласы әкімінің орынбасары сияқты жауапкершілігі мол жоғары қызметтерді үлкен абыроймен атқарды. Соңғы жылдары бақилық болғанға дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары ретінде қасиетті Түркістан шаһарын еліміздің ғана емес, күллі түркі жұртының мәдени орталығына, рухани ордасына айналдыру бағытында күндіз-түні аянбай қызмет еткенін көпшілік жақсы біледі. Бүгінде Көкшетау қаласында бой көтерген небір әсем де маңызды нысандарда құрылыс саласының майталман маманы Қосман Қайыртайұлының қолтаңбасы жатқаны анық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар