Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшы қаласының әлеуметтік нысандарын аралады - АРҚА АЖАРЫ

Қосшы қаласының әлеуметтік нысандарын аралады

Өткен дүйсенбі күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысының Қосшы қаласында болып, жаңа шаһардың әлеуметтік инфрақұрылымымен танысты. Премьер-Министрдің орынбасарының өңірге сапарында облыс әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Ақмола облысында 2019 жылдың сәуір айындағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қосшы қаласын одан әрі дамыту, оның ішінде үш ауысымды мектептер мәселесін шешу жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.

Қазіргі уақытта қала халқының саны шамамен 65 мың адамды құрайды. Бұл – облыстық маңызы бар қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Осы ретте, халықтың жыл сайынғы өсуі әлеуметтік инфрақұрылымға айтарлықтай күш түсіреді. Осыған байланысты Үкімет пен жергілікті билік тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.

Қалада жобалық қуаты 3,7 мың орындық үш мектеп жұмыс істейді. Оларда 6,8 мың оқушы оқиды. Оқушы орындарының тапшылығы 3,1 мың орынды құрайды. Үш ауысымды оқытуды жою үшін үш жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. 1 қыркүйекте бір мектеп өз оқушыларына есігін айқара ашады, бұл оқушы орындарының тапшылығын 77 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжанов 1200 орындық тағы бір мектептің құрылысын жеделдетуді тапсырды, оны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл мектеп Лесная поляна тұрғын үй алабында орналасқан негізгі мектепке жүктемені азайтады, онда 4,6 мың бала оқиды (жобалық қуаты 2,4 мың орын). Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Премьер-Министрдің орынбасарына келесі жылы тағы екі мектеп іске қосылатынын, оның біреуі жеке инвестициялар есебінен салынатынын хабарлады.Қосшы қаласының мектептерінде үш ауысымды оқыту мәселесі 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін толық шешілетін болады.

Ералы Тоғжанов салынып жатқан мектептер оқушы орындарының тапшылығына байланысты мәселелерді шешу бойынша өте маңызды әлеуметтік рөлді атқаратынын атап өтті.

–Мемлекет басшысы оқу орындарында жайлы жағдай жасауды тапсырды. Оны іске асыру үшін Үкімет үш ауысымда оқытатын мектептерді екі ауысымдық оқыту форматына көшіру мәселелерін шешуде. Жыл соңына дейін Қосшы қаласында бұл мәселе өз шешімін табады, – деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Сондай-ақ, Вице-Премьер жаңа қала тарихындағы бір ауысымда 100 адам қабылдайтын заманауи қалалық емханада болды. Ол 2022 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі және оның ашылуын қала тұрғындары асыға күтуде. Емхана заманауи медициналық және зертханалық жабдықтармен жабдықталған және дәрігерлермен, медбикелермен қамтамасыз етілген.

Одан кейін Вице-Премьер полиция бөлімінің жаңа ғимаратындағы қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғауды мониторингілеу жүйесімен танысты. Жаңа полиция корпусы барлық қажетті жабдықтармен, соның ішінде бақылау және тәртіптің сақталуын бақылау мониторларымен жабдықталған.

Сапар қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов Ақмола облысының әкімдігіне Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, мектеп пен емхананы педагогикалық және медициналық персоналдармен толықтыруды аяқтауды, сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін қажетті жабдықтармен және жиһазбен толық жарақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар