Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сотталғандардың мәселелері ескерусіз қалмайды - АРҚА АЖАРЫ

Сотталғандардың мәселелері ескерусіз қалмайды

Соңғы жылдары сотталғандардың өтініш-тілектері мен арыз-шағымдары Ақмола облысы прокуратурасының ерекше бақылауында болып келеді.

Осылайша сотталғандар мен олардың туған-туыстарының мәселелерін жедел шешу мақсатында облыс прокуратурасы мекемелерге өтініштер бойынша алгоритм мен жадынамалар дайындап, жолдады.Алгоритмге сәйкес, қадағалаушы прокурорлар күн сайын сотталғандарға жеке қабылдау жүргізеді және апта сайын сотталғандардың өтініштері бойынша мекеме басшыларының тыңдауын өткізеді.

Мекеме бастықтарының кезекші көмекшілері күн сайынғы тексеру барысында қадағалаушы прокурорға бейнежазба ұсына отырып, мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне не әрекетсіздіктеріне шағымдардың бар-жоғы тұрғысынан бейнетіркегіштерді пайдалана отырып, сотталғандарға сауалнама жүргізеді.

Бүгінгі күні Ақмола облысының прокуратурасы қабылдаған үйлестіру шаралары нәтижесінде жергілікті жерлердегі мекемелердің әкімшіліктері сотталғандардың шағымдарын, олардың заңды талаптарын қанағаттандыруды белсенді түрде шешуге қол жеткізді деп айтуға болады.Бұл ретте, сотталғандарға арналған арнайы жадынама мекемелердің барлық, көпшілік көретін орындарда орналастырылған.

Сондай-ақ, жергілікті жерлерде мекеме әкімшіліктері аумақтық прокурорлар тарапынан да толыққанды түсіндіру жұмыстары, оған адвокаттарды сотталушылардың туыстарын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша 2022 жылдың жеті айында қабылданған шаралардың көмегімен сотталғандардың жергілікті жерлердегі өтініштерін шешу айтарлықтай жақсарды. Нәтижесінде прокуратура органдарына ғана емес, сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне де түскен өтініштер саны үштен бірге азайды. Мекеме әкімшіліктерінің сотталғандардың шағымдарын жасыру фактілеріне жол берілген жоқ.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар