Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Референдум нәтижесі – әділетті қоғамға ұмтылыстың көрінісі - АРҚА АЖАРЫ

Референдум нәтижесі – әділетті қоғамға ұмтылыстың көрінісі

1995 жылғы 30 тамызда референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы ел мемлекеттілігін нығайтуда үлкен рөл атқарды.

Негізгі Заңда халықтың еркін де әділ қоғамда өмір сүруге, бірлікті сақтауға, ата-баба рухына адалдық пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке деген ұмтылысы көрініс тапқан. Біз Қазақстанның бүгінде халықаралық қауымдастықта лайықты орын алып жатқанын орынды мақтан тұтамыз.Конституцияның ел өміріндегі рөлізор, ол адамның мемлекетпен қарым-қатынасын реттейді және оның қоғамдағы орнын анықтайды. Онда құқықтың негізгі қағидаттары, Мемлекеттік органдардың функциялары, олардың қызметінің әдістері мен нысандары бекітілген.

Негізгі Заңның басты идеясы Қазақстан қоғамының түрлі қоғамдық-саяси күштерінің келісімі мен ымырасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл Конституцияны саяси тұрақтылықтың маңызды факторы, азаматтық бейбітшіліктің, әлеуметтік және ұлттық келісімнің кепілі етеді. Конституция және онда тұжырымдалған саяси қағидаттар мен құқықтық институттар біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің әлемдік экономика мен саясат жүйесіне және тұтастай алғанда қазіргі өркениеттің әлемдік прогресіне енуіне ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы мемлекеттің басты органдары, азаматтық қоғам институттары қызметінің іргетасын қалаған негізгі заң болып табылады. Ол адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылықтар деп жариялайтын демократиялық, құқықтық мемлекеттің жалпыға бірдей танылған идеяларына бағытталған. Бұл қағидаларды бекітудегі маңызды рөл әділет органдарына тиесілі.Ведомствоның маңызды міндеттерінің бірі мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету болып табылады. Дұрыс және уақытпен тексерілген құқықтық негіз әрбір қазақстандыққа білікті заң көмегін алуға конституциялық құқыққа кепілдік бере отырып, азаматтардың мүдделері мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ, әлемдік аренада елдің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Қазақстан заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар көптеген тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, қағаз құжаттарды азайтуға және түрлі салалардағы бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталды. Мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды, кейбіреулері толығымен автоматтандырылды.

Тәуелсіздік жылдарында «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді, сондай-ақ, басты заңды оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін енгізу болды. Ол қоғамдағы жанжал деңгейін қысқартуға, «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын нығайтуға бағытталған және мемлекеттік органдардың азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты қызметін тәртіпке келтіретіні сөзсіз.

Әділет органдарының ведомстволық бағынысты ұйымдарының –адвокатураның, нотариаттың, жеке сот орындаушылары институтының, сот сарапшыларының, Заң консультанттарының рөлі де маңызды, өйткені олардың қызметі азаматтарға білікті заң көмегін көрсетуге бағытталған.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 24-бабын іске асыру шеңберінде адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының жұмысын автоматтандыруды көздейтін бірыңғай ақпараттық жүйені құру бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Е-Заң көмегі» жүйесін әзірледі. Оның негізгі мақсаты халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін оңайлату болып табылады.Жүйе арқылы адвокат немесе заң консультантын табуға (таңдауға) болады, бұл ретте маманды (мамандануы бойынша, жұмыс өтілі бойынша) іздеу критерийі және оның деректерін тексеру (лицензияның болуы, заң консультанттары палатасына не адвокаттар алқасына мүшелік) бар.Егемендік алған сәттен бастап республикада зияткерлік меншікті қорғау саласында толыққанды құқықтық база құрылды, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, патенттік заң, «авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы заңдары қолданылады.

Сот актілерін орындау саласы әділет органдарының аса маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді. Жеке сот орындаушылары институтын дамыту, атқарушылық іс жүргізу саласындағы бірқатар процестерді автоматтандыру және сот орындаушылардың жұмысын жетілдіру де уақыт талабына байланысты.

2022 жылғы 5 маусымда маңызды тарихи сәт – республикалық референдум өткізілді. Елдің Негізгі Заңына елеулі өзгерістер енгізілді, олар мемлекеттік басқару моделін өзгертеді және сонымен бірге қоғамдық процестердің дамуында жаңа кезеңді бастайды. Бұл азаматтардың саяси процестерге ықпал ету субъективтілігі мен мүмкіндіктерін күшейтетін қоғамда күтілетін өзгерістер екені сөзсіз.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформалар барлығына тең мүмкіндіктер мен тең жағдайларды қамтамасыз етуге, мемлекеттік жүйені жетілдіруге, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатуға, азаматтардың ерік білдіруі үшін жағдай жасауға бағытталғанын, мұның бәрі елдің жүйелі жаңғыруына әсер етіп, оның одан әрі дамуын айқындайтынын атап өтті.

Осылайша Конституция – халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғары заңды күшке ие және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-адамгершілік өмірінің маңызды қағидаттары мен институттарын бекітетін негізгі заң болып табылады.

Облыстық «Арқа ажары» газеті арқылы ақмолалықтарды еліміздің басты мемлекеттік мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын. Осы заң аясында біздің мемлекетіміз дамып, нығая түсуде, заңнама жетілдіріліп, әділеттілік қағидаттары бекітілуде, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері іске асырылып, қорғалып келеді. Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға, Заңға деген құрметті қалыптастыруға ықпал ететіндердің еңбегі қоғамның мойындауына тұрарлық. Тәуелсіз мемлекеттің құқықтық жүйесін құрудың бастауында тұрған, аянбай еңбек еткен, қазір өскелең ұрпаққа өмірлік тәжірибесін беріп жүрген ардагерлерге ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Олар әділет органдарының құрметті ардагерлері – Павел Трищ, Дәметкен Тенібекова, Қымбат Абдуахитова, Күлпәш Оспанова, Людмила Дикая, Миниса Шутая, Наталья Подгорная және басқалары.

Әділет органдарының қызметкерлері алдағы уақытта да мемлекеттілікті дамыту мен нығайтуға, заңнаманы жетілдіруге, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мен қорғауға белсенді түрде ықпал ететініне сенімдімін.

Болат МҰХАНОВ,
Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар