Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы құрылыс саласы бойынша республиканың алғашқы ондығында - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы құрылыс саласы бойынша республиканың алғашқы ондығында

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық құрылыс, сәулет, қала құрылысы және инженерлік желілері бөлімінің бас мамандары Гүлмира Тасова мен Күләш Мұхатовалар «Құрылысшылар күні – ең бейбіт және жасампаз кәсіптің мерекесі» атты хабарлама жасады.

Қоғам өміріндегі ең бейбіт, абыройлы, жасампаз және сұранысқа ие мамандықтардың бірі – тамыз айының әр екінші жексенбісінде өткен «Құрылысшылар күнін» атап өту игі дәстүрге айналғанына 65 жылдан астам уақыт өткен.

Бүгінде құрылыс саласы экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналған. Елімізді қауіпті індет жайлаған упақытта да құрылыс ұйымдары жұмысын жалғастырды. Олардың негізгі міндеті – уақытында және сапалы құрылыс салу сәтті жүзеге асырылуда. Оған осы жуырда «Болашақ» сарайында өткен кәсіби мерекеге арналған салтанатты шарадағы өңір басшысының марапаттаулары куә. Әсіресе, Ақмола облысындағы құрылыс саласының соңғы үш жылдағы нәтижелері туралы фильм көрсетілімі ешкімді бейжай қалдырмады. Онда құрылыс саласының барша мамандары мен ардагерлерінің еселі еңбектері толық баяндалды. Жалпы, өңірімізде жыл сайын тұрғын үй, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым салу бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны құрылысшыларға деген құрметтен айқын байқалды.

Олардың бірі «Еңбек ардагері»,  «Құрметті жобалаушы» медалімен және осы саланың 5 өкілі ҚР Инвестициялар және даму министрінің Алғыс хатымен, тағы 16 адам Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен, 18 адам «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.С.Әубәкіровтің Алғыс хатымен марапатталып жатқанын мақтанышпен атап өткен хабарламашылар, кәсіби мерекелері қарсаңында Ақмола облысының мердігер құрылыс ұйымдарының өкілдері арасында Көкшетау қаласында шағын футболдан турнир өткенін, сол ойынға 9 команда қатысып, байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болған «Стройтех» СК» ЖШС кубок пен 200 мың теңге ақшалай сертификатқа, екінші орын алған «Алуа Строй» ЖШС 150 мың теңге ақшалай сертификатқа, үшінші орын алған «Строй Тау» ЖШС 100 мың теңге ақшалай сертификатқа ие болғанын да жеткізді. Сондай-ақ, «Стройтех» ЖШС қызметкері Путинцев Александр берілді, «Үздік қақпашы», ал, «Алуа Строй» ЖШС қызметкері Әбілғазы Сұлтан «Үздік шабуылшы» кубогының иегерлері атанған.

Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың басты мәселелерінің бірі – баспананың қолжетімділігі. Соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысына 190,0 миллиард теңге, оның ішінде 2022 жылдың 6 айында 40,5 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Бүгінде Ақмола облысы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр.  Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Ақмола облысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары сияқты көшбасшылардан кейін республиканың алғашқы ондығына кіреді. Сонымен қатар, көршілес Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан айтарлықтай озып тұр. 2020 жылдан бері 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үймен 12 мыңға жуық ақмолалық отбасы баспана мәселесін шешкен.

Сөйтіп, 286 көп балалы отбасы және халықтың әлеуметтік осал топтарынан  526, «Отбасы банкі» салымшыларынан 249, жергілікті атқарушы органдардың кезектегі тізімдері бойынша 286 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартқан. Бұған қоса, хабарламашылардың айтуынша, Ақмола облысы республикада алғашқылардың бірі болып облыс орталығында ғана емес, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Макинск шағын қалаларында салынып жатқан несиелік үйлер құрылысының географиясын кеңейтуде. Біздің облыстың барлық 20 өңірінде тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл жерде жеке және коммерциялық әзірлеушілердің үлкен үлесін өте мол. Өңірдегі тұрғын үйлердің 70 пайызға жуығы жеке инвестиция есебінен пайдалануға берілуде. Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін мемлекет жыл сайын жеке тұрғын үй құрылыстары салынып жатқан аумақтарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жабдықтауды қаржыландырады.

Құрылысшылардың еңбегінің арқасында жаңа да жайлы тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар, ауруханалар, спорттық, сауда және ойын-сауық кешендері жылдан-жылға бой көтеріп, елді мекендеріміз де көркейіп келеді. Экономиканың қарқынды дамуы, азаматтарымыздың әл-ауқаты көп жағдайда құрылысшылардың жасампаз еңбегінің нәтижесіне байланысты екені даусыз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар