Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестициялық жоба жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Инвестициялық жоба жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталып отыр

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «АРЭК» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп, модернизациялау қорытындылары және табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерінің орындалуы бойынша баспасөз турын өткізе бастады.

Биылғы жылы «АРЭК» АҚ Ақмола облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітілген және 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық жобаны іске асыруда. 2021 жылы бұл инвестициялық жоба желілер мен құрал-жабдықтарды жаңартуға, негізгі құралдардың тозу деңгейін азайтуға және тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталды. Жұмыстың орындалуы бекітілген 4,539 миллиард теңгенің орнына іс жүзінде 4,554 миллиард теңгені құрады.

Сөйтіп, инвестициялық бағдарламаның асыра орындалу сомасы 15 517 миллион теңгеге немесе +0,3 пайызға жетті. Инвестициялық жобаның физикалық параметрлері толық көлемде орындалды. Инвестицияның негізгі бағыты құрылысқа, қайта жаңартуға және негізгі электр жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізуге орайластырылды. Бұл көлем 95 пайызды, ал, бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және тұрмыстық деңгейдегі электр қуатын есептеу 5 пайызды құрады.

Баспасөз турына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Қалибеков, оның орынбасары Асылбек Қуандықұлы және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында оған қатысушылар инвестициялық жобаны іске асырудың қорытындыларымен танысты және «АРЭК» АҚ-ның  кейбір энергетикалық нысандарын аралап көрді.

Тұтынушыларды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін «Макинск-Никольское» 110 кВ жаңа әуе желісінің құрылысы жүргізілді. Жобаны іске асыру екі кезеңмен атқарылды. 2021 жылы 37 шақырымнан астам, ал, 2022 жылы 11 шақырым желі тартылды. Сондай-ақ, Целиноград, Аршалы, Атбасар аудандарында жалпы ұзындығы 47 шақырымнан асатын 0,4-10 кВ әуе желісін техникалық модернизациялау іске асырылды.

Модернизациялау шеңберінде жиырма алты 10/0,4 кВ кешенді трансформаторлық подстанция (КТП) ауыстырылды.  Онда 4 реклоузер орнатылды. Қабылданған шешімдер желілерді күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі эксплуатациялық шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді және апатты ағытып тастаулардың азаюына ықпал етеді.

2021 жылғы инвестициялық жоба «Воздвиженка» 110/35/10кВ подстанциясын қайта жаңартуды да көздеген еді. Онда негізгі құрал-жабдық – 110 кВ секциялық май сөндіргіші ауыстырылды. Жалпы подстанцияны қайта жаңарту – инвестициялық жобаның негізгі басым бағыттарының бірі. Ол тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігіне, эксплуатациялық және жөндеу шығындарының азаюына, қоршаған ортаның экологиялық жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді.

Тәуелсіз техникалық сараптамаға сәйкес 2020 жылмен салыстырғанда іс жүзіндегі тозу тенденциясының подстанциялар бойынша 3,1 пайызға және желілер бойынша 2,1 пайызға азаюы байқалады. Мұның өзі «АРЭК» АҚ-ның модернизациялау және өзінің инвестициялық міндеттемелерін орындау бағытында дұрыс қадамдар жасап отырғандығын көрсетсе керек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.      

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар