Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бізге жұмсалған қаражаттың тиімді қайтарымы қажет – Әлихан Смайлов - АРҚА АЖАРЫ

Бізге жұмсалған қаражаттың тиімді қайтарымы қажет – Әлихан Смайлов

– Бүгін Үкімет отырысында технологиялық серпіліс ұлттық жобасын талқылау кезінде Премьер-Министр Әлихан Смайлов кемшіліктер анықталған жобаларды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «зерттеу жүргізу керек деп», ғылыми зерттеу жұмыстарын көбейте бермеуіміз керек. Ең алдымен, олардың нәтижелілігі мен экономиканың түрлі секторларында қолданылуын арттыру – маңызды міндет. Соңғы жылдары ғылым туралы заңнамаға біршама өзгеріс енгізілді және оны қаржыландыру 2 есеге жуық өсті. Бізге жұмсалған қаражаттың тиімді қайтарымы қажет», — деді Ә. Смайылов.

Осы орайда ол отандық индустрия, ғылыми қоғамдастық, университеттер мен бизнес барынша өзара тығыз байланыс орнатуы қажет екенін тапсырды.

«Ғылыми жетістіктер өндіріске енгізіліп, халыққа нақты пайда әкелуі тиіс. Ғылым министрлігі бұған ерекше назар аударуы керек. Бірқатар бағыттар бойынша бұрын белгіленген жоспарлар мен кейбір көрсеткіштердің орындалмай қалғанын атап өту керек. Пациенттердің денсаулық жағдайын үздіксіз бақылау және проактивті медициналық қызмет көрсету үшін eHealth бірыңғай экожүйесін әзірлеу жұмыстары уақтылы жүргізілген жоқ», — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр «Цифрлық агрокәсіпорын» және «Цифрлық карьер» жобаларын іске асыру барысында да кемшіліктер анықталғанын айтты.

«Бұл сайып келгенде, осы жобалардың сапасына әсер етуі мүмкін. Жер мен жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастрын автоматтандыру және орталықтандыру рәсімі аяқталған жоқ», — деді Әлихан Смайлов.

Фото: t.me/KZgovernment

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар