Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының алаңында «Алтын қазына» облыстық көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауы өтті.
Көрме-байқаудың мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Шығармашылық байқауға Көкшетау, Степногорск қалаларының және 12 ауданынан барлығы 82 оқушы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың жұмыстары жасалуының сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Көрмеге тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды шығармашылық жұмыстар ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамында:
Амиржанова Анара Орынбаевна – Ш. Уәлиханов атындағы шығармашылық және спорт кафедрасының меңгерушісі, лектор, дизайн магистрі;
Захай Бибигүл — Гумилев ат. Еуразия Ұлттық Университетінің докторанты;
Корнева Ольга Сергеевна – Мәдениет қайраткері белгісінің иесі, азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
«Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясында:
1 орын – Шынтемір Инаят (Көкшетау қаласы, «Bolashaq Saraiy»);
2 орын – Панасюра Мария (Сандықтау ауданы, БЖШО);
2 орын – Жусупова Нургуль (Зеренді ауданы, БЖШО);
2 орын – Касенова Аружан (Көкшетау қаласы, БКМ);
3 орын – Күнтуғанқызы Ботагөз (Бұланды ауданы, Макинка қаласының МЛ);
3 орын – Бахтияр Балнұр (Астрахан ауданы, БЖШО).
«Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш)» номинациясында:
1 орын – Сайлаубек Ернұр (Қорғалжын ауданы, БЖШО);
3 орын – Чернышев Вадим (Көкшетау қаласы, «Bolashaq Saraiy»).
«Шыныны көркемдеп өңдеу: витраж» номинациясында:
1 орын – Ткачева Анастасия (Ақкөл ауданы, БЖШО);
2 орын – Адильшинова Нурлыайым (Жақсы ауданы, ОҮ);
2 орын – Тұрғанбекова Бағжан (Бұланды ауданы, Макинка қаласының МГ);
3 орын – Иманкулова Меруерт (Зеренді ауданы, БЖШО).
«Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу» номинациясында:
1 орын – Ержігіт Ербол (Зеренді ауданы, БЖШО);
2 орын – Қадырбай Улина (Бұланды ауданы, Б.Шолақ ат.МЛ).
«Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясында:
1 орын –Момот Дарина (Аршалы ауданы, БЖШО);
2 орын – Толыбай Жандаулет (Көкшетау қаласы, «Bolashaq Saraiy»);
3 орын – Қайдар Нұрислам (Зеренді ауданы, №1 ЖОББМ).
«Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясында:
1 орын – Нұржан Сабина (Көкшетау қаласы, БКМ).
«Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясында:
1 орын – Ергалиева Жулдызай (Зеренді ауданы, БЖШО);
2 орын – Выломова Мелани (Жақсы ауданы, ОҮ);
2 орын – Ермұрат Еламан (Шортанды ауданы, Научный кентінің БЖШО);
3 орын – Удовиченко Марк (Астрахан ауданы, БЖШО);
3 орын – Гречихина Елена (Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы).
Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен сыйлықтары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар берілді.