Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
25-қазанды ұлттық мереке ретінде бекіту – елдік әрі егемендік тұрғысынан маңызды қадам - Әшімбаев - АРҚА АЖАРЫ

25-қазанды ұлттық мереке ретінде бекіту – елдік әрі егемендік тұрғысынан маңызды қадам — Әшімбаев

 – Қазақстанның Тәуелсіздігі шын мәнінде 25 қазаннан басталды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Құжатта 25 қазандағы Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін норма ескерілген.

«Қабылданған заң мәдениет және кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық-экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Жаңа нормалар мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге және халқымыздың тарихы мен мәдениетін кеңінен дәріптеуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Сондай-ақ осы заңға сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып бекітілді. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің Тәуелсіздігі шын мәнінде осы күннен басталады. Сол себепті осы күнді ұлттық мереке ретінде бекіту – елдік әрі егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Алдағы уақытта бұл мейрам Тәуелсіздігімізді дәріптеуге және нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз», — деді М. Әшімбаев.

Өз кезегінде сенатор Нұртөре Жүсіп 25 қазандағы Республика күнінін Ұлттық мереке ретінде қабылдау ерекше оқиға екенін атап өтті. «Қазақстан Тәуелсіздігі осы датадан басталады. Сондықтан осындай тарихи шешімге куә болып отырмыз. Қазақстан халқы ұлттық мереке ретінде 25 қазанды жоғары мәртебемен толайтын болады», — деді Н. Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар