– Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
«Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалады. Ахуал ерекше бақылауда.
Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.
ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады», — делінген ресми хабарламада.
Ашық көздерден алынған фото