Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астанада АӨСШК саммиті өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Астанада АӨСШК саммиті өтеді

 – Биыл қазан айында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммитінде осы кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру мәселесі қаралады. Бұл туралы АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12-13 қазанда Қазақстан елордасы 27 мүше елдің мемлекет және үкімет басшыларын қабылдайды. Бұл жерде олар АӨСШК-ні толыққанды халықаралық аймақтық ұйымға айналдыру қадамдарын іске қосады. Бұл тұрғыда мүше мемлекеттердің біздің жұмысымыздың өзектілігін, мақсаттарымыз бен міндеттеріміздің маңыздылығын түсінуінің арқасында мүмкін болып отыр. Осындай ортақ пайымның жүзеге асатынына өте қуаныштымыз. Әрине, трансформацияның қалай жүзеге асатыны тұрғысында түрлі көзқарас бар. Кез келген трансформация саммитте жасалатын алғашқы қадамнан басталуы керек», — деді Қ. Сарыбай елордада өтіп жатқан заңсыз көші-қонға жол бермеу тақырыбына арналған семинарда .

Оның айтуынша, АӨСШК-нің барлық 27 мүшесінің бірауыздан қолдауының арқасында континентте бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету жөніндегі сенім шаралары каталогын айтарлықтай жаңарту мүмкін болды. Бұл өз кезегінде АӨСШК мақсаттарын орындаудың негізгі құралы болып саналады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады .

АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Мемлекет басшысына алдағы саммиттің қорытынды құжаттарының жобаларын келісу үдерісі туралы баяндады. Сонымен қатар Президентке АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстанның стратегиялық мақсаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар