Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елімізде дизель отынын сатуды есепке алатын жүйе іске қосылды - АРҚА АЖАРЫ

Елімізде дизель отынын сатуды есепке алатын жүйе іске қосылды

— Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алатын ақпараттық жүйесі базасында сараланған бағалар (өңірге байланысты литріне 230-260 теңге) бойынша дизель отынын сату үшін тұтынушылар деректерін верификациялау бойынша модуль іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Дизель отынын сату кезінде жүргізушілердің ұсынылған құжаттары Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және Мемлекеттік кредиттік бюроның деректер базасында тексеруден өтеді. Сатып алғаннан кейін бір мезгілде автокөлік иесіне және сақтандыру полисінде бар тұлғаларға 1414 қысқа нөмірінен отын сатып алу көлемі туралы ақпарат және бірегей кодты тағайындаумен лимит қалдығы туралы хабарлама келіп түседі, ол бойынша кейіннен сатып алудың барлық процесін бақылауға болады», — делінген министрлік хабарламасында.

Жүйе іске қосылған сәттен бастап АЖҚС-та жүйеге қосылу үшін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырудың болмауына, көлік құралдарында қайта жабдықтау үшін тиісті рұқсаттың болмауына байланысты құқық бұзушылықтар анықталғанын атап өтеміз, сондай-ақ басқа көлік құралына тиесілі құжаттарды ұсына отырып, көлікке жанармай құю әрекетімен заңсыз іс-әрекеттер тіркелген.

Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл салу немесе белгілі бір мерзімге лимиттер беруді тоқтата тұру арқылы шаралар пысықталуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар