Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен бірнеше мықты спортшылар қатысты. Оның ішінде Мира Ахметова (87 кг), Виктория Новикова (76 кг) және Юлия Трошкина (49 кг) чемпион атанса, Екатерина Столяренко (71 кг), Виктор Надворный (61 кг) және Глеб Богуш (67 кг) екінші, Татьяна Новак (59 кг) және Ислам Ілясов (55 кг) үшінші орыннан көрінді.
Жалпы командалық есепте әйелдер арасындағы облыс құрамасы екінші орын иеленді. Ал ерлер командалық есепте жетінші орынға тұрақтады.