Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола тұрғындары сегіз айда жедел жәрдемге 172 мың қоңырау шалған - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола тұрғындары сегіз айда жедел жәрдемге 172 мың қоңырау шалған

– Ақмола облысында 8 айда 172 мыңнан астам рет жедел жәрдемге шақырту бойынша қоңырау шалынған. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Әсемгүл Қазизова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет регламентіне сәйкес жедел жәрдем станциясына келіп түсетін шақырулар жеделдіктің төрт санаты бойынша бөлінеді. Шұғыл қоңыраулардың бірінші, екінші және үшінші санаттары бойынша жедел медициналық жәрдем станциясы көмек көрсетеді. Төртінші санат бойынша-алғашқы медициналық санитарлық көмек бөлімшелері», – дейді Әсемгүл Қазизова.

Фельдшерлік және мамандандырылған бригадалардың диспетчерден шақырту алған сәттен бастап науқастың тұрған жеріне дейінгі келу уақыты бірінші шұғылдық санаты бойынша – 10 минутқа дейін (науқастың жай – күйі, өмірге тікелей қатер төндіреді), екіншісі бойынша – 15 минутқа дейін (науқастың жай-күйі медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіреді), үшіншісі бойынша – 30 минутқа дейін (науқастың жағдайы медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қауіп төндіреді), жеделдіктің төртінші санаты – бір сағатқа дейін (науқастың жағдайы жедел аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп болмаған кезде).

Бүгінгі таңда 8 айдың қорытындысы бойынша өңірде 172 мыңнан астам жедел медициналық көмек шақырылды.

Жақында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы әкімшілігінің бастамасымен жіті коронарлық синдром кезінде жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі бойынша екі күндік семинар ұйымдастырылды. Онда медицина ғылымдарының докторы, профессор, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қосымша кәсіби білім беру институтының терапевтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Беделбаева сөз сөйледі.

Семинарға облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының 75-тен астам медицина қызметкері қатысып, онлайн режимде 48 фельдшер оқытылды.

Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері өз шеберліктерін арттыруды жалғастыруда. Сонымен қатар, ақмолалықтар «ақ халатты періштелердің» жұмысын оң бағалаып отыр.

Мәселен, дертіне байланысты күн сайын жедел жәрдем шақыртып жүрген Көкшетау қаласының тұрғыны Айсұлу Баубақова өзінің өміріне араша түсіп жүрген ақ халақты абзал жандардың барлығының есімдерін біледі және олардың жұмысына шынайы ризашылығын білдіруде.

«Жедел жәрдем бригадасындағы қызметкерлердің барлығы өз мамандықтарының кәсіби шеберлері. Үнемі уақытылы келіп, көмек қолын созуда. Барлығы өте сыпайы және әр сауалыма қиналмай жауап береді. Мен бәрін есімдерімен білемін, өйткені олар менің балалар сияқты. Біздің өміріміз үшін жанын салып жүрген оларға алғысым шексіз», – дейді тұрғын.

Айта кетсек, тәулік бойы Ақмола облысы бойынша 68 жедел медициналық көмек бригадасы жұмыс істейді. Олар 783 мың ақмолалыққа қызмет көрсетеді. Тек облыс орталығында тәулігіне жедел жәрдем дәрігерлері 300 – ге дейін, облыс бойынша-600-ден 1000-ға дейін шығуды жүзеге асырады. Мәселен, 2021 жылдың 12 айында өңірде 313,5 мың шақыру бойынша қызмет көрсетілді.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында туберкулездің алдын алу шаралары қалай жүргізіліп жатқанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар