Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2022 жылғы тамыз айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы - АРҚА АЖАРЫ

2022 жылғы тамыз айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы тамызда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 114,2 пайызды құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 105,6 пайыз, республикалық мағынада тиісінше 113,3 пайыз  және 105,8 пайызды  құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 12,9 пайызға, азық-түлік тауарлары – 18,8 пайызға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 8,9 пайызға қымбаттады.

2022 жылғы 26 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 14,5 пайызды құрайды.

Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 0,4 пайызға ұлғайып, 86,5 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 32,7 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 53,8 миллиард АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2022 жылдың тамыз айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 474,66 теңгені,  еуроға – 481,57 теңгені, ресей рубліне – 7,88 теңгені құрады.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақмола облысында            64 айырбастау пункті, оның ішінде: 48 – банк  филиалдарының, 8 – «Қазпошта» АҚ-ның және 8 уәкілетті ұйымның 8 айырбастау пункті жұмыс істейді.

2022 жылғы тамызда облыстағы айырбастау пункттері 8,2 миллион АҚШ долларын, 4,3 миллион еуро және 187,1 миллион ресей рублін сатты. 2021 жылғы тамыз айында – 8,4 миллион  АҚШ доллары, 1,4 миллион  еуро және 659,9 миллион  ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 263,5 миллиард  теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,1 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 4,5 пайызға азайды.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 85,0 пайызды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 9,9 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,8 пайыз болып қалыптасты.

Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 335,3 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 376,4 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 32,2 пайызға, өткен аймен салыстырғанда 2,8 пайызға өсті (2022 жылғы 1 тамызға – 366,2 миллиард теңге).

2022 жылғы тамызда облыс банктерімен берілген кредит сомасы         2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда 12,8 пайызға өсіп, 35,2 миллиард теңгені құрады.

2022 жылғы тамыз айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 15,5 пайызды құрады.

2022 жылғы тамызда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 86,5 пайыз болды.

Тұтынушылық кредиттер. Облыс халқының банктердің тұтынушылық несиелері бойынша берешегі 135,3 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы тамыз айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы шілде айымен салыстырғанда 7,1 пайызға өсіп, 15 466,9 миллион  теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Облыс халқының банктердің ипотекалық кредиттері бойынша берешек сомасы 116,9 миллиард  теңгені құрады. 2022 жылғы тамыз айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 6 092,4 миллион  теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда 8,4 пайыз  немесе 473,6 миллион теңгеге ұлғайды.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 қыркүйекке 55,4 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы тамыз айында 5 574,7 миллион  теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда 27,2 пайызға өсті (2022 жылғы шілдеде – 4 383,7 миллион  теңге берілді). 2022 жылғы тамызда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 20,4 пайызды құрады.

      Төлем карточкалар нарығы.

Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2022  жылғы     1  қыркүйекке  1 380,0  мың  бірлікті  құрады   (алдынғы   аймен салыстырғанда 0,2 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,2 пайызы.

2022 жылғы тамыз айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 174 046,1 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 0,6 пайызға өсті). Транзакциялар саны 12 065,9 мың транзакцияны құрап 0,7 пайызға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 0,9 пайз өсіп, 11 302,7 мың транзакцияны құрады, сомасы 2,0 пайызға өсті (мөлшері 124 827,2 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 2,4 пайызға дейін азайды (транзакциялар саны 763,2 транзакцияны құрады), сомасы 2,7 пайызға азайды (мөлшері 49 218,9 мың теңгені құрады).

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 22 835 POS-терминал, 395 банкомат, 14 085 кәсіпкер; 19 804 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша
 Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар