Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстанда ерлер арасындағы өрт-құтқару спортынан 17-ші әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы 8-ші әлем чемпионаты аяқталды.
Жарыста апаттық-құтқару жасағының құтқарушысы Юлия Сыромяжко және Степногорск қаласы ТЖБ инженері Анастасия Хорошева жауынгерлік әлем чемпионы атанды.
Қазақстан Республикасының әйелдер ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесін алып, жалпы командалық үшінші орынды, өрт эстафетасы сынағынан үшінші орынды иеленді.
Бүгін Көкшетауға келген спортшыларымызды Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері салтанатты түрде қарсы алды.