Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірауыздан қолдадау көрсетілді - АРҚА АЖАРЫ

Бірауыздан қолдадау көрсетілді

Акмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов пен  бір топ депутаттар – Айнагүл Балташева, Қайрат Сұлтанов, Ирина Жукова, Сайра Матайбаева, Ұмар Шоназаров Астанада өткен «AMANAT» партиясының 24-ші кезектен тыс съезіне қатысты.

Қазақстанның басқарушы партиясы алдағы 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысу үшін кандидатураны анықтап, Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынуға шешім қабылдады.

Партия төрағасы Ерлан Қошанов оз үндеуінде қазір елге адамдар сенетін кандидат қажет екенін, онымен барлық жоспарларды нақты жүзеге асыруға болатынын атап өтті.

«Біздің көшбасшымыз халық үшін ең қиын кезеңде барлық жауапкершілікті өз мойнына алды, мемлекеттілікті сақтап, елдің хаосқа түсуіне жол бермеді. Сондықтан бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының міндеті және сіздермен біздің тарихи жауапкершілігіміз – барлық қазақстандықтарды президенттің прогрессивті реформалары төңірегінде біріктіру», – деді партия басшысы.

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысты – барлығы 1 200-ден астам адам. Олардың барлығы «AMANAT» партиясы төрағасының ұсынысын қолдады.

«Мен делегат ретінде біздің партиямыздың таңдауын толығымен қолдаймын, өйткені түсінемін: біз тек Қасым-Жомарт Кемелұлының айналасына жинала отырып, ҚР Президентінің ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында белгіленген барлық жоспарланған реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыра аламыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастар арасында ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық арасында үлкен құрмет пен беделге ие. Ол дәйекті және салмақты, ең бастысы – халықтың сұранысын ескере отырып, елімізде бірлік пен келісімді сақтауға, Қазақстанның тұрақты және серпінді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаһандық реформаларды іске асырады», – деп бөлісті мәслихат хатшысы.

Сонымен қатар, съезде партияның жаңа саяси платформасы ұсынылды, онда Қазақстанның дамуының барлық аспектілері таяу болашаққа көрініс тапты.

«Құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарына негізделген және әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі міндеттерді шешуге арналған. Жаңа саяси платформа партияның күрделі трансформациясының соңғы қадамы болды. Партия осы жылы көптеген бағыттар бойынша векторды өзгертті, өз қатарларын күшейтті, жаңа жас кадрларға ставка жасап, халықпен одан да тығыз жұмыс жасады.

Мемлекет басшысы ұсынған барлық реформаларды бірге жүзеге асыра алатынымызға және жаңа Қазақстанды табысты құратынымызға сенімдімін!» – деп атап өтті Талғат Тұрлыбекұлы.

Сондай-ақ  мәслихат хатшысы мен депутаттар Ақмола облысы делегациясының құрамында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде қолдау көрсеткен халық коалициясының форумына қатысты. Форумға AMANAT», «Ақ жол», ҚКП партияларының, сондай-ақ 20-дан астам республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар