Қаймана қазақ қамы үшін,
Ата-баба қаны үшін,
Аманат жүгін арқалап,
Жан пида деп хан Кене,
Атойлап жауға тап беріп,
Қорғадың ел намысын.
Тәуелсіздікті аңсадың,
Бір туар Кене батырым.
Тар жол, тайғақ кешуде,
Қамшылап бойда намысын,
Кенедей батыр ер тұлға,
Қазақтың болған бағы шын.
Уа, Хан бабам, есіткің,
Атыңды жырға қосып мың
Ұрпағың мақтан етуде
Туды деп сені ел үшін!
Біз білетін ерлігің,
Даладай дархан кеңдігің,
Қайсар мінез, ер жүзің
Ұрпаққа лайым дарысын!
Әбілмансұр САТЫБАЛДИНОВ,
ITмектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы.