Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті - АРҚА АЖАРЫ

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

– ҚР президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жигули Дайрабаевтың шығарма тақырыбы «Менің елім, менің жерім» деп аталды.

Екінші — мәнерлеп оқудан Абай өлеңдерін оқыды.

Үшінші — еркін тақырыпта немесе «шаршы сөзде» «Күшіміз — бірлікте» деген тақырыпты алды. Шығармасын жаза алды, ойын жеткізді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Күшіміз бірлікте» тақырыбында ойын еркін жеткізе алды. Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», — деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.

Еске салайық, бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті. Қ.Тоқаев лингвистика емтиханын неліктен тапсырмайтыны түсіндірілді.

Сондай-ақ «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды. М.Қажыкен лингвистика емтиханынан сәтті өтті.

Бұдан бөлек, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған кандидат Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар