– ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырып болғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мен ол адамдардың үмітін ақтауға барымды саламын», — деді үміткер.
БАҚ өкілдері Қ.Әбденнен кезектен тыс президент сайлауына қатысу туралы шешімді қалай және кімнің бастамасымен қабылдағанын сұрады.
«Бұл – менің жеке қабылдаған шешімім. Ешкімнің тапсырмасы немесе кеңесі емес», — деген Қарақат Әбден әзірге президенттіке үміткерлердің ішінде жалғыз әйел адам болса да, бойында ешқандай қорқыныш жоқ екенін жеткізді.
«Саясатта ештеңеден қорықпау керек деп ойлаймын. Әрқашан дайын болу керек», — деді ол.
Еске салайық, Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты Қарақат Әбден президенттіке үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын бүгін тапсырған болатын.
Сондай-ақ бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті.
Бұдан бөлек, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды.