– ҚР Орталық сайлау комиссиясының шешімімен құрылған лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов пен оның мүшесі Дихан Қамзабек президенттікке үміткерлер Жигули Дайрабаев пен Мейрам Қажыкеннің тіл емтиханын қалай тапсырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Комиссия мүшесі Дихан Қамзабектің де пікірі осыған ұқсас болды.
«5 балдық жүйемен бағаласақ, Мейрам Қажыкен мырзаға «-4», Жигули Дайрабаев мырзаға «-5» деген баға қояр едім. Бірақ бұл менің жеке пікірім. Бұл жерде шешім ұжымдық негізде қабылданады. Тілді идеалдық деңгейде білу деген филологтардың ғана жететін жетістігі ғой. Сондықтан сауаттылығы, мазмұны, ойы, ұсынған тұжырымдамасы ескерілді. Тіл тұрғыдан келгенде екеуі де өз үдесінен шықты, өз биігінен көрінді деп есептейміз», — деді комиссия мүшесі Дихан Қамзабек.