Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Асыра сілтеген келісім-шарттың күші жойылды - АРҚА АЖАРЫ

Асыра сілтеген келісім-шарттың күші жойылды

Ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін тексеру барысында Қоянды ауылының кентішілік жолдарын салуға жалпы сомасы 2.2 миллиард теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы конкурстың күшін жойды.

Тексеру барысында жоба бойынша жұмыстар 2020 жылы басталғаны анықталды, алайда, өнім берушінің міндеттемелерді орындамауына байланысты шарт бұзылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы мемлекеттік орган қайта конкурс жариялау кезінде аталған жобаның құнына іс жүзінде орындалған және бұрын төленген жұмыс түрлерін негізсіз енгізген.

Осы факт бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, мемлекеттік сатып алу туралы конкурстың күші жойылды, осылайша 400 миллион теңгенің мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалды.

Целиноград ауданының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар