Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» магистрлік бағдарламасы енгізілді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» магистрлік бағдарламасы енгізілді

Жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті заң факультетінің магистранттарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушы жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды жаңашылдықтары туралы айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен қағидаттары бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамның парасаттылық жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Стратегиялық құжатта отбасы институты арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту, құндылықтарды өзгерту және академиялық адалдықты нығайту мәселелеріне қатысты бірқатар түзетулер көзделген.

Студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру шеңберінде Департамент пен Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ілгерілету, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы имидждік өнімдерді әзірлеу мәселелерін қамтитын бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.

Сондай-ақ, ЖОО-ның барлық білім беру кафедраларында білім беру бағдарламасы ретінде «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні енгізілді, ал магистрлік жұмыстарды жазу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптар енгізілді. Сонымен қатар, университет магистратурасына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» бейінді даярлаудың бір жылдық білім беру бағдарламасы енгізілді.

Кездесу барысында Департамент қызметкері Аманжол Құсайынов атап өткендей, жастарға мемлекеттің одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан болашақ ұрпақты патриотизм, әдептілік және сыбайлас жемқорлықтан бас тарту рухында тәрбиелеу өте маңызды.

Соңында спикер болашақ заңгерлерді әрқашан парасаттылық пен академиялық адалдық қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеушілік ортасын қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар