Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Хайрулла Ғабжалиловтың кандидатурасы заң талаптарына сәйкес келмейді - ОСК - АРҚА АЖАРЫ

Хайрулла Ғабжалиловтың кандидатурасы заң талаптарына сәйкес келмейді — ОСК

– Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Хайрулла Ғабжалиловтың Конституциялық және «ҚР сайлау туралы» заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, оның кадидатурасын 11 қазанда «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың баяндауынша, Хайрулла Ғабжалилов ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелу үшін тиісті барлық құжаттарды тапсырған. Кейін үміткер туралы деректерді тексеру үшін ІІМ, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен ақпарат сұратылған. Нәтижесінде кандидаттың мемлекеттік қызмет өтілінің болмауына байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 7 және 3-тармақтарына, сондай-ақ 59-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Хайрулла Ғабжалилов қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған.

Осылайша, үміткерді тікеуден бас тарту туралы шешім көтерілді. Оны Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бір ауыздан мақұлдады.

Сондай-ақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, Хайрулла Ғабжалилов ҚР азаматы емес және Қазақстанда соңғы 24 жыл тұрмаған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар